Ежелгі өркениет өріс алған жер

Ежелгі өркениет өріс алған жер

Шығыс Қазақстанда бірнеше жылдан бері өңірлік археологияны дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып келе жатқаны белгілі. Бағдарлама аясында Әбдеш Төлеубаев, Зейнолла Самашев, Карл Байпақов секілді белді археологтермен қатар Ұлан Үмітқалиев, Ерден Оралбай сынды жас ғалымдар облыстың Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Көкпекті, Абай аудандарында қазба жұмыстарын жүргізіп, құнды жәдігерлер тапқаны белгілі. Осы ретте жоғарыда аты аталған археологтер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақа­ласын айрықша ықыласпен қабыл­дағанын айтқымыз келеді.

«Бұл мақала мен және менің әріптестерім іске асыруға белсенді қатысқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы екен­дігі сөзсіз. Қазақстандықтардың көп­шілігі соңғы үш жылда Шығыс Қазақстан облысында жасалған бірегей ашылуларды біледі. Облыс әкімдігінің қолдауы арқылы менің ғылыми жетекшілігім­мен Катонқарағай ауданының Берел қорғандары, Тарбағатай ауданының Елеке Сазы ескі қорымы зерттелді. 2017 жылы жұ­мыс Берелде әйгілі кісі жер­лен­гендігі­­нің ашылуымен аяқталды, бұл жерді журналистер «Дала амазонкасы» деп атап кеткен. Біздің заманымызға дейінгі III ғасырда жерленген ақсүйек ұрпағы жауынгер жас қыздың қабірі арқылы Елбасы өз мақаласында айтқан дала өркениетінің жоғары деңгейде болғандығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. 2018 жылы Елеке сазында киімі алтынмен қапталған олжа, 17-18 жас аралығындағы ақсүйек жас жігіттің жақсы сақталған қал­дық­тары табылды. Біз оны ша­мамен біз­дің зама­нымызға дейінгі VIII–VII ғ. ғ. жер­ленген деп есептейміз. Бұқ­ара­­лық ақ­парат құралдарында жаңа «Ал­тын адам» аталып жүр. Бұл ашылулар жыл са­йын шетел сарапшылары мен ға­лым­дары­ның қатысуымен өтетін «Алтай – түр­кі әлемінің алтын бесігі» атты халық­­ара­лық ғылыми-тәжірибелік кон­­ферен­ция­да көпшілікке көрсе­тіле­тін­дігін баса айт­қым келеді», дейді Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауынан тонал­маған «Алтын адамды» тапқан археолог Зейнолла Самашев.

Археолог Елбасының мақа­ласы елімізде археологияны дамы­туға тың серпін беріп, жаңа ашылу­ларға жол ашатынын айтады. «Жаңа бағдарлама мен барлық өмірімді арнаған жұмысымның бірнеше қырларымен сәйкес келеді. Бұл Берел қорымынан табылған олжаларда белгіленген «атқа міну мәдениеті» және «аң стилі», елі­міздің шығысында орналасқан керемет әдемі артефактілердегі «Ұлы даланың ежелгі металлургиясы». Осындай құнды дүниелерді археология саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын дамытуға арналған облыстық бағдарлама арқылы алдағы  жылдарда тереңірек зерттейтін боламыз», дейді З.Самашев.

Облысымыздың Зайсан ауданын­дағы Шілікті жазығынан «Алтын адам» тапқан археолог, тарих ғылымдары­ның докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Әбдеш Төлеубаев Елбасы мақаласында айтылғандай салтаттылық және басқа да көшпенділер мәдениетінің қайталанбас жетістіктері ерте темір дәуірі мен неолит, энеолит, қола мәдениеті аясында пайда болып, дамығанын жеткізді. «Жылқыны қолға үйрету де, кейін оны жегу күші ретінде, содан кейін салт жүріске үйрету – осының барлығы біздің жеріміз­де басталып, белсенді жүрді. Бұған, Елбасымыз атап өткендей, еліміздің солтүстігіндегі «Ботай» қонысындағы қазба материалдары дәлел. Расында да, ауыздық, ер-тоқым, үзеңгі және т.б. ат әбзелдері, орталығы қашанда ежелгі Қазақстан жері болған Ұлы дала белдеуі аумағында ойлап табылған. 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыс Қазақстан экс­педициясы Тарбағатай таулары ете­гінде Темірсу жерінде бүгінге дейін бел­гі­сіз болған энеолит дәуіріндегі (қола-темір ғасыры) классикалық ескерткіштер­ді ашты. Белгілі болғандай, дәл осы энео­­­лит шын мәнінде жылқыны салт жү­­ріс­­ке үйрету басталған уақыт болып та­былады. Біздің ұлтымыздың Көш­бас­шы­сы, Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті әрқашан туған жер мен елдің тарихына айрықша көңіл бөледі. 2004 жылы «Мәдени мұра» мемлекет­тік бағдарламасын жариялады. Осы бағдар­лама аясында мәдени мұраларды іздеу мен қайта жаңғырту бағытында көп жұ­мыс жасалды. Бағдарлама шең­берінде менің басшылығыммен бір топ архео­лог, Шілікті алқабында патша қор­ған­дарынан бірегей материалдарды ашып, зерттеп, жария етті. Елбасының «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясын­да Шығыс Қазақстан облысында архологиялық зерттеулер басталып, мақ­сатты түрде жүргізілуде. Аймақ бас­шысының тікелей бастамасы бойынша біздің зерттеу тобымыз бірнеше жыл қатарынан Шілікті алқабының және Тарбағатай таулары етегінде ерте сақ ескерткіштерінде архео­логиялық қазба жұмыстарын жүр­гізуде. Нәтижесінде біз Шілікті алқа­бында және Қарғыба-Базар алқабында хан қорғандарын аштық. №16 қорғанда екі мыңнан астам алтын бұйым – сақ-скифтік аң стилінде жасалынған, «алтын киімнің» тігілмелі шытыралары анық­талды. «Адам мен табиғаттың өзара қа­ты­насының символы» деп  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өт­кен­дей, шын мәнінде бұл алтын бұ­йымдар біздің жердегі ежелгі тұрғын­дардың дүниетанымын көрсететін өнер туындыларының құндылығы ретінде ұсынылады», деген археолог облыс әкімінің қолдауымен жалпы көлемі 504 беттен тұратын «Ерте сақ Шілік­ті мәдениеті» атты монографиялық сурет­тердің шығарылатынын тілге тиек етті. 

Бір сөзбен айтқанда, Елбасы мақа­ласы облыста жүзеге асырылып жат­қан өңірлік археологияны дамыту ба­ғ­дар­­лама­сына тың серпін беріп, алд­ағы уақытта өңірден Ұлы даланың ұлы­лығын танытатын құнды жәдігерлер табылады деп сенеміз.

 Қасым А.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста