Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

Елімізде диқандардың көктемгі жұмысына барлық жағдай жасалады

  • Елімізде диқандардың көктемгі жұмысына барлық жағдай жасалады

    Елімізде диқандардың көктемгі жұмысына барлық жағдай жасалады

COVID-19 індеті жаһанды әбігерге салып, әлемдік экономиканы тұралата бастады. Қазірдің өзінде бұл дағдарыстың салдары өндіріске де, тұтынушыларға қиындық тудырып, дүниежүзінде азық-түлік нарығы тұрақсызданды. Кейбір елдер экспортты мүлдем шектеп, тіпті ауылшаруашылығының науқандық жұмыстарын да бәсендетіп алды. Сарапшылар індеттің кесірінен қаржы дағдарысы туындап, жұмыссыздық белен алады, көптеген кәсіпорындар жабылады деген болжам жасап отыр. Әлемнің түкпір-түкпірінде коронавирус әсерінен экономиканың ахуалы күрт нашарлаған жағдайда, ірі азық-түлік жеткізушілері әлемдік нарықты белгілі бір азық-түлікпен қамтамасыз етуді азайтады немесе мүлдем тоқтатады. Осындай жағдайда кей өнім түрлеріне сұраныс артып, қымбатшылық туындауы мүмкін. Төтенше жағдайға байланысты жасалған барлық экспорттық шектеулер тек індеттің кесірінен ғана емес, ішкі нарықты қамтамасыз етіп, өз елдерінде тапшылық туындап, бағаның шарықтауына жол берілмеуі үшін жасалып отырғаны да белгілі. Осы мәселеге орай Қазақстанда да бағаны қымбататпай ұстап тұру және азық-түлік қауіпсіздігін болдырмау үшін ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға тыйым салынды. Бұл шешім қазіргідей қиын уақытта ең маңызды және өзекті шара. 

Індеттің таралуына байланысты шекаралардың жабылуы әлемнің кейбір елдерінің ауылшаруашылығына да үлкен қиындықтар турдырып отыр. Жеке шаруа қожалықтарына маусымдық өнімдерді, көкөністерді өткізу және тұтынушыларға жеткізу мәселесі тығырыққа тірелді. Карантиннің кесірінен ауылшаруашылығында жұмысшылардың жетіспеушілігі де білінді. Бұның бәрі кәсіпкерлер мен шаруалар үшін түйткілді мәселеге айналды. Сондықтан көкөністер мен жемістерге қатысты жекелеген дақылдардың жетіспеушілігі туындап, бағаға әсер ете бастады. Міне осындай жағдайда әлемдік дағдарыстың кесірінен туындаған қиындықтарды еңсеру үшін Қазақстанда барлық мүмкіндіктер қарастырылып, маңызды шешімдер қабылданды. Ауыл шаруашылығына да жіті көңіл бөлініп, жеке шаруалардың түйткілді мәселелері біртіндеп шешіле бастады.

Жаһанды дүрбелеңге салған сындарлы сәттің түйткілдерін тағы бір талқылап, оны шешудің жолдарын қарастыру үшін оныншы сәуір күні ҚР Президенті Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Осы маңызды жиында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына қатысты мәселелерге де баса назар аударып, нақты тапсырмалар берді. Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі егіс науқанын дер кезінде, уақыт ұттырмай және сапасына мән бере отырып атқару керектігін баса айтты. Шаруашылықтардың сапалы тұқымдармен, түрлі тыңайтқыштармен, егістіктің зиянкестеріне қарсы химиялық препараттармен және жанар-жағар маймен қамтамасыз етілуі де арнайы тапсырылды. Биыл маусымдық егістік жұмыстарын қаржыландырудың мөлшері үш есеге жуық, атап айтсақ жүз жетпіс миллиард теңгеге дейін артқанын мәлімдеді. Төтенше жағдайға байланысты күтпеген қиындықтардың болатыны белгілі. Осындай кезде қабылданған әрбір шешімнің, атқарылған әрбір жұмыстың маңызы өте зор. Аймақтардағы егіс науқаны қызу басталып, дала жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Дегемен, карантинге байланысты туындаған мәселелелер де жеткілікті. Осындай түйткілдерге ерекше көңіл аударған Мемлекет басшысы әрбір келеңсіздікке жеке-жеке тоқталып, оның шешілу жолдарын қамтамасыз етуді жауапты министрліктерге арнайы тапсырды. Өйткені биылғы көктемде атқарылар жұмыстың қиындығы да, маңыздылығы да өткен жылдармен салыстырғанда екі есе жауапкершілікті талап ететіні белгілі. Облыстар арасындағы түрлі жол тосқауылдарында көліктер бірнеше сағатқа кідіріп қалатын деректер тіркелген. Сондықтан ауылшаруашылық және азық-түлік өнімдерін жеткізушілердің төтенше жағдайға байланысты оқшауланған қалаларға кедергісіз кіруі қамтамасыз етіліп, арнайы жолдамалар жылдам берілуі керектігі айтылды. Шаруаларды сапалы тұқыммен, сапалы жанар-жағар маймен қамтамасыз ету жағын Энергетика министрлігі мен жергілікті әкімдерге тапсырды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы қазіргі қалыптасқан жағдайға орай туындаған ауыл шаруашылығы мамандарының сұрақтарына дереу жауап берілуі үшін бірыңғай байланыс орталығын құру қажеттігін, көктемгі дала жұмыстарын қолдауға бөлінген қаражы шаруалардың қолына өз уақытында, кешікпей жетуі тиіс екенін де қадап айтты.

Мемлекет басшысы өткізген Төтенше жағдай жөніндегі комиссия отырысының ертеңінде Ауыл шаруашылығы министрлігінде биылғы көктемдегі дала жұмыстары үшін жасалып жатқан дайындық пен оның лайықты түрде атқарылуын талқылаған жиын өтті. Отырысқа бейне байланыс арқылы аймақ әкімдіктерінің арнайы өкілдері де қатысты.

Жиында егістік науқанының барлық мәселелері талқыланып, тиімді шешімдер қабылданды. Егін алқабының жай-күйі, қажетті техникалардың дайындығы, жанар-жағармаймен жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі, тұқымдықтар мен тыңайтқыштардың жеткізілуі, осылардың барлығына жеткілікті қаржымен шараулардың қамтамассыз етілуі, оның тиімді жолдары талқыланды. Басқосуда Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Кесікбайұлы жауапты адамдарға аймақтардағы егін науқаны туралы деректерді нақты және уақытында жеткізіп тұру керектігін тапсырды. Сонымен қатар жиынға қатысқан мамандар, карантин енгізілген аймақтардағы науқандық дала жұмыстарына тартылған адамдар мен көліктердің еркін жүріп-тұруына жағдай жасау керектігі туралы мәселе көтерді. Өз кезегінде министр жергілікті билікке шарауаларға рұқсат қағаздары жылдам берілуі керектігін ескертті. Өйткені көктемгі егістік жұмыстарын атқаруда уақыттың өте маңызды екені белгілі. Сондықтан әлемді әбігерге салған жағдайға қарамастан еліміздегі диқандар егіс алқаптарында сақтық шараларын ұстанып, еңбек етуде. Сапалы жанар-жағар маймен және қажетті бөлшектермен қамтамасыз етілген техникалардың да дайындығы жаман емес. Егін егу науқанына кедергі келтіретін түйткілдер шешімін тауып, диқандардың көктемгі жұмысына барлық жағдай жасалып жатыр деуге болады. Қиындыққа қарамастан мемлекеттің қолдауы мен ерекше көңіл бөлуінің арқасында көктемгі дала жұмыстары ойдағыдай атқарылса, күзде қамбаға құйылған астық ел экономикасының дамуына дем берері анық.

 

Нұрлы Еділов




Көрілген: 242    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.04.2020, 08:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31