Рухани жаңғыру

«Ерлік» музейінің жаңадан ашылған қосымша ғимараты жұмысын бастады

  • «Ерлік» музейінің жаңадан ашылған қосымша ғимараты жұмысын бастады

    «Ерлік» музейінің жаңадан ашылған қосымша ғимараты жұмысын бастады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында елімізде көптеген іргелі істер атқарылуда. Осы ретте Оңтүстік өңірде атқарылып жатқан игі істерді ауызтолтырып айтсақ болады. Соның бірі кеше ғана Шымкент қаласындағы «Ерлік» мұражайының қосымша ғимаратының ашылуы десек артық айтқандық емес.


Мұражайдың қосымша ғимаратының ашылу салтанатына  жиналған жұртшылықтың қарасы көп болды. Аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы жұртшылықты жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Шара барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған өңір ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері «Жеңіс» саябағындағы Ұлы Отан соғысының батыры, генерал Сабыр Рақымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батырға тағзым етті. 


Өз сөзінде аймақ басшысы, батырларымыздың, ата-әжелеріміздің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері мен жеңістерін, тылдағы еңбектерін, ауған соғысы ардагерлерінің ержүректілігін насихаттайтын бұл музейдің маңызы жоғары екенінен тоқтал келіп, жастарды отаншылдыққа тәрибелеуде бұл орталықтың да қосар үлесі мол болатынына да тоқталып өтті.


Сонымен қатар Жансейіт Қансейітұлы «Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұсынылуы заман талабына сай маңызды шешім болды. Бүгінгі шара - ерлікті дәріптеуге, жастардың бойына отаншылдық сезімді сіңіруге бағытталған», - деп атап өтті.


Мұражай туралы жалпы мағлұмат бере болсақ, «Ерлік» музейі 2012 жылы желтоқсан айында ашылып, 2013 жылы 19 шілдеде ОҚО тарихи-өлкетану музейінің «Ерлік» филиалы ретінде ресімделген болатын. Ал, ғимараттың аумағы бұрын 209,6 шаршы метр болса, облыс әкімдігінің қолдауымен қосымша құрылыс жүргізіліп, 285 шаршы метрге жаңа ғимарат салынды. 


Осындай игі істің арқасында салынған жаңадан ашылған екі қабатты ғимаратта екі экспозициялық зал, 50 орындық мәжіліс залы, экспонаттарды сақтайтын және қызметкерлер жұмыс істейтін бөлмелер бар.


Болашақта мұражайда соғыс ардагерлерінің ерліктерін дәріптеумен қатар зиялы қауым өкілдерімен кездесулер және өзге де тарихи-танымдық іс-шаралар өткізіледі деп жоспарланып отыр.



Нұрлы Еділов




Көрілген: 3477    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31