Жер мәселелері тиімді шешіліп келеді

Жер мәселелері тиімді шешіліп келеді

Жеріміздің көлемінің үлкендегі еліміздің бір мақтанышы. Ал сол жерді талапқа сай игеру, жерге дұрыс көзқарас қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы десек те болады. Осы жылдар ішінде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, жер мәселелерін тиімді шешу бағытында, жер байлығымызды ел байлығына айналдыру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізіліп, иесіз жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, осы бағытта қыруар жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жер қатынастарын мемлекеттік жағдайда тиімді басқарудың маңызды функцияларының бірі жер туралы заңнамаларды жетілдіріп, жердің құқықтық қатынастарына сай әрекет ету екенін ескерсек, ең алдымен жер туралы заңнамалардың талапқа сай болуы екені сөзсіз. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мемлекеттік меншікке жатады. Жер сонымен қатар заңмен белгіленген негізде, тәртіпте, шекте жеке меншікке де беріледі. Заңға сәйкес меншік иесі жерді келісім бағамен сатуға, шаруашылық серіктестіктің қаулы қорына жарна ретінде енгізуге, кепілге беруге, жер учаскесін сыйлауға, мұрагерлікке қалдыруға құқылы. Жерді пайдалану құқығын беру азаматтық – құқықтық актілер негізінде жүргізіледі. 2001жылғы «Жер туралы» заңның 20-бабында жерді пайдалану құқығы заттық құқық болып табылатыны және оған меншік құқығы туралы нормалар қолданылатыны, оның заңға немесе зат табиғаты құқығына қайшы келмейтіні айтылған. Яғни жерді пайдалану құқығына қатысты қабылданған заңдар нарықтық қатынасқа ену үшін мүмкіндіктерін кеңейтті.  Кең байтақ жеріміз бар деп мақтанумен қатар оны тиімді игере білген де дұрыс. Бүгінгі күні көптеген жерлердің қараусыз қалуы салдарынан тозып, құнарынан айрыла бастағаны жасырын емес. Сондықтан мемлекет ол жерлерді қайтарып алып, ел иглігіне айналдыру, тиімді пайдалану бағытында қайта жұмыстар жүргізіп жатыр. Яғни алдағы уақытта жерлеріміз тиімді игеріліп, ел иглігіне қызмет етер күн жақын деуге болады. 

Қазіргі уақытта республиканың аумағы 272490,2мың га құрайды. Қазақстан Республикасының жер қоры 14 облыспен республикалық мәндегі үш қала – Астана мен Алматы, Шымкент аралықтарында үлестірілген. Әкімшілік құрылым жүйесіне 160 ауылдық әкімшілік аудан, 303 облыстық, аудандық мәндегі қалалар мен поселкелер, 7202 ауылдық елді мекендер кіреді.Қарағанды (42798,2мың га), Ақтөбе (30062,9мың га), Шығыс Қазақстан (28322,6мың га), Батыс Қазақстан (15133,9мың га), Оңтүстік Қазақстан (11724,9мың га), Солтүстік Қазақстан (9799,3мың га) сияқты облыстардың аумағы көлемі жағынан Еуропаның көптеген дамыған елдерінен бірнеше есе үлкен. Себебі Республиканың аумағы 10 табиғи-шаруашылық аймақта орналасқан, жер қорының құрамы мен құрылымы облыстар бойынша айрықшалынады.

Көптеген егістік алқаптарының Қостанай (5605,01мың га), Солтүстік Қазақстан (4060,7 мың га), Түркістан облысы  (786,3мың га), Батыс Қазақстан (437,1мың га), Шығыс Қазақстан (860,9мың га) сияқты облыстар, орманды, далалы аймақтарда орналасқан, егістігі аз суарылатын жерлерді Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары иеленеді. Атап айта кетер жайт, Еліміз пайдалы қазблардың аса бай қорына ие екені жасырын емес, "Жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 109 элементтің 99-ы ашылып, оның 60-қа жуығы зертеліп, өндіріске таратылған. Яғни жеріміз зерттеліп, жер астындағы қазба байлықтары да ел игілігіне сайигерілу үстінде. Еліміз дүниежүзі бойынша вольфрам қорынан бірінші, хромит, уран, фосфор кендерінен екінші, марганец қорынан үшінші, қорғасын мен молибденнен төртінші, ал темір бойынша сегізінші орында. Шын мәнінде жеріміз дархан, кең ғана емес, өте бай, құнарлы екенінінің бір дәлелі осы. Қазақстан мұнай мен газ қоры бойынша да көптеген елдерден алда тұр. Яғни жері бай ел ретінде мүмкіндігіміз жоғары. Ендігі жерде ауылшаруашылығы саласында жерді пайдаланудың үлесін артыру арқылы агро мемлекетке айналу бағытында жұмыстар атқарылып жатыр.
Жалпы Қазақстанның жер ресурсы орасан зор, оның жалпы көлемі 270,1млн га млн га-ды құрайды. Мұндағы жер көлемінің 82-ы ауыл шаруашылығына жарамды жер. Оның жайылым мен шабындыққа жарамдысы-190млн га, ал жыртылған жер көлемі -36млн га. Сондықтан жеріміз, жер астындағы қазба байлығымыз, жер үстіндегі игілігіміз де ел ырысына жұмсалғай!

Қуаныш Ермекова

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста