Елбасы идеялары

Мәдени құндылықтарымызды қоғам дамуына қарай бейімдеп, дәріптеуіміз керек

  • Ұлттық мідениет

    Ұлттық мідениет

Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын,
дербес орны бар ұлт боламыз десек,
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын
іске асыруға тиіспіз.

 

Нұрсұлтан Назарбаев

 

Ұлттың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі – халықтың басты құндылығы. Тілі мен салт-дәстүрі, мәдениетінен айырылған халық ұлт ретінде жойылып, өзге халыққа сіңіп кетеді. Тарих парақтарына үңілсек, отаршылдар өзге елдің жерін күш қолдану арқылы басып алса, тілі мен салт-дәстүрін, мәдениетін сіңіру арқылы сол елдің халқын ұлттық санадан айырған. Өйткені, ұлттық санадан айырылған халықтың өзгеге ұлтан болатыны ежелден белгілі.

 

Астыртын саясат жүргізген Кеңес үкіметі тұсында қазақтың тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне қиянат жасалды. Бала бақшалар толықтай орыс тіліне көшті. Қазақтан өзге ұлт өкілдері тұрмайтын шалғай ауылдарда орыс мектептері ашылды. Жоғарғы оқу орындарында сабақ орыс тілінде оқытылды. Ісқағаздар тек орыс тілінде жүргізілді. Қазақ баласына орыс тілін меңгеруге мәжбірлік туындады. Тілін жою арқылы қазақтың дінін, салт-дәстүрі мен мәдениетін жойып, түйсігіне құлдық сананы сіңіруге күш салды.

 

Қызыл үкімет басшылары ескіліктің қалдығы деген сылтаумен қазақ халқының ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрлерін ұмыттыруға тырысты. Жымысқы саясаттарын жүзеге асырып, белгілі бір шектеулер қойып, қазақтың тілі мен мәдениетін құрдымға кетіре жаздады. Қазаққа ұлтқа жат мәдениетті тықпалады.

 

ХХ ғасыр қазақ халқы үшін қасіретке толы, зұлмат ғасыры болды. Кеңес үкіметі халықтың қолындағы бар малын тартып алып, қазақ даласында аштық орнады. Миллиондаған адам аштан қырылды. Отаршылдық құйтырқы саясатқа қарсы шыққан Алаш зиялыларын «халық жауы» деген айып тағып, өлім жазасына кесті немесе итжеккенге айдады.
Кеңес үкіметі жүргізген сайқал саясаттың қазақ қоғамына салған жарасы әлі күнге толықтай жазылған жоқ. Қазақстан егеменді ел атанып, қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алса да, әлі күнге қазақ тілін білмейтін қандастарымыз көп.
Қазақстан Егеменді ел атанған соң қазақ өркениетінің көкжиегі ашылды. Қазақ елі үшін ұмыт болған ата-баба салтын, ұлттық мәдениетті қайта түлету мүмкіндігі туды. Әрине, тоқырауға тап болған тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында саяси-экономикалық мәселелер алдыңғы орында тұрды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенділігі мен батыл қадамының арқасында, қысқа мерзім ішінде, Қазақстан саяси сахынада әлемге танылып, экономика қарқынды дамыды. Алайда, қазақты әлемге ұлт ретінде таныту үшін саяси және экономикалық жетістіктер жеткіліксіз екенін Елбасы жақсы түсінді. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» деп айтуы осыны меңзейді.

 

Ұлттық мәдениетке көңіл бөлу «Рухани жаңғыру» бағдарламасына дейін қолға алынды. 1999 жылы «Тарих толқынында» кітабында Елбасы ұлттық тарихымызға деген көзқарасын анық білдірді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылығы Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» бағдарламасын жариялады. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынды. Бағдарлама аясында атқарылған жұмыс та аз емес. Әу баста екі жылға жоспарланған бағдарлама мерзімі ұзартылып, 2011 жылға дейін жалғасты. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ халқының тарихи-мәдени мұралары зерттеліп, қайта қалпына келтірілді, ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылды. «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы аясында шет елдердегі архивтерден қазақ тарихына қатысты құжаттар жинап алынып, зерттелді.

 

Енді алда жаңа кезең, жаңа мақсаттар тұрды. Батыстан жаңа технологиямен бірге жаңа өркениет - жаһандану атта жалмауыз қоса келді. Ал жаһандануға жұтылып кетпес үшін ұлттық мәдениеттің заманауи үлгісін жасап, жас ұрпақтың бойына сіңіру қажет. Осыған орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру туралы бастама көтерді.

 

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының мақсаты - қазақстандық заманауи мәдениетті БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлету және әлем жұртшылығына таныстырудың жаңа тәсілдерін ойластыру. Заманауи ұлттық мәдениетіміздің қай саласы әлем жұртшылығын тамсандыра алатынын анықтап алып, сонан соң іріктеп алғаннан дүниелерді шетелдерде таныстыру.

 

Аталмыш мақсатты жүзеге асыру үшін тиісті министрліктер, ғалымдар, қоғамдық ұйымдар жұмысқа жұмыла кірісті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Лондонда өткен Халықаралық театр фестиваліне қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Жапонияға жасаған гастрольдік сапарында театр ұжымы күншығыс елі көрермендерін таңдай қақтырды. Бұл бағдарлама аясында жүзеге асқан іс-шараның бір мысалы ғана.

 

Қазір индустриялы-инновациялық революция кезеңі. Бүгінгі заман жастары қажетті ақпаратты кітаптан, гезет немесе журнал бетінен емес ғаламтордан іздейді. Дүниенің көз көріп, құлақ естімейтін бір түкпірінде болып жатқан оқиғаны әлемнің екінші бір түкпірінде отырып-ақ, әпсәтте есітіп білу ғана емес, көзбен көруге болады. Әрине, адам баласына мұндай мүмкіндікті беріп отырған ғаламтор. Яғни, ақпарат алмасуда ғаламтордың мүмкіндігі шексіз. Демек, ғаламтор кеңістігін пайдалана отырып, қазақтың заманауи ұлттық мәдениетін әлемге танытуымыз, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыруымыз керек.

 

Бүгінгі таңда ел іргесі бекіп, дамыған елдермен тереземіз теңесіп келе жатқан шақта мәдени құндылықтарымызды сақтап қана қоймай, оны қоғам дамуына қарай бейімдеп, дәріптеуіміз керек. Сол арқылы ұлтын сүйетін, халқының ұлттық мәдениетін ұлықтай білетін, білімді де білікті, бәсекеге қабілетті жаңа буын қалыптастыруымыз қажет.
Ол үшін Қазақстанның әрбір азаматы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған бастамаларды жіте түсініп, оны жүзеге асыруда бар күш жігерін аямауы тиіс.

 

Қалдар Кумекбаев

 

 




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 12:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31