Рухани жаңғыру

Олжас Сүлейменов жастармен кездесті

  • Олжас Сүлейменов жастармен кездесті

    Олжас Сүлейменов жастармен кездесті

18 мамыр – Адамзаттың ақыны дәрежесіне көтеріліп, Қазақ Елін дүниежүзіне танылған мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, «Әлем Азаматы» көрнекті ақын, Халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің туған күні.

Ақынның шынайы да шымыр шығармалары әлемдік әдебиетте үлкен құбылыс ретінде жоғары бағаланып, мағынасы рухы биік өлең-жырлары бірнеше буынды тәрбиелеп келеді. Олжас Омарұлының гуманист ақын ретінде «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысына басшылық жасаған қызметі де жұртшылыққа жақсы мәлім. Ақынның әркездегі қоғамдағы тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты, бейбітшілік пен достықты қадірлеуге үндейтін ой-пікірлері баршамыз үшін өте құнды.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында 2004 жылдан бері «Олжас Сүлейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты» жұмыс істейді. Қайраткер тұлға осында оқитын ауылдан шыққан студенттермен жиі кездесіп, әртүрлі мәдени-көпшілік, спорттық шараларға қатысып тұрады.

Студенттермен кездесулерде көрнекті ақын әдебиет пен мәдениет, ұлттық патриотизм мне бейбітшілік мәселесі, еліміздің экологиялық проблемалары және жоғары оқу орындарының халықаралық білім кеңістігіне кіруі туралы пайымдауларымен пікір алмасып отырады.

Биыл да Олжас Омарұлы туған күні қарсаңында өзінің атымен аталатын интситутқа келіп, университеттегі әр ұлттың жастарынан құралған сдуденттік «Достық» ассамблеясы мүшелерімен кездесіп, руханият тақырыбында әңгіме өрбітіп, пікір алмасты. Өнерлі жастар Олжекеңнің өлеңдерін әр ұлттың тілінде оқып, шығармаларынан композициялық көріністер ұсынып, көрнекті ақынның батасын алды.




Шығармашылық кездесуден кейін университеттің Спорт кешенінде дәстүрлі «Олжас Сүлейменов жүлдесі» үшін волейболдан ардагер командалар арасында ХII Халықаралық турнир тартысты өтті. Турнирді ұйымдастырушы – университет ректоры, академик Тілектес Есполов.

Олжекеңнің қол добы – волейбол ойынына құмарлығын дүйім жұрт жақсы біледі. Ақын студенттер арасында салауатты өмір салтының үлгісі де болуда. Оның бастауымен университетте ардагерлердің командасы құрылып, басқа оқу орындары мен мекемелердің командаларымен кездесулер өткізу дәстүрге айналған. 




Биылғы турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдері командаларымен қатар, Қазақстанның Тараз, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды, Семей, Қызылорда қалаларының және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 2 ардагер волейболшылар командалары қатысуда. Қалыптасқан дәстүрді бұзбай, ақсақалдық жасына қарамастан бұл жарыстарға Олжекеңнің өзі де қатысып, шебер ойын көрсетті.

Үш күнге жоспарланған турнирдің қорытындысы бойынша Олжас Омарұлы ойнайтын Қазақ ұлттық аграрлық университетінің командасы бірінші орынды, Жамбыл облысынан келген «Ардагер» екінші, талдықорғандық «Жетісу» үшінші, Ресейлік «Ангара» төртінші орынды иеленді.


 


Суреттерді түсірген М.Ботабеков




Көрілген: 4396    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.05.2018, 15:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31