Елбасы идеялары

Өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратып, қоршаған ортаға тигізер зиянын азайтуды талқылаған жиын өтті

  • Өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратып, қоршаған ортаға тигізер зиянын азайтуды талқылаған жиын өтті

    Өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратып, қоршаған ортаға тигізер зиянын азайтуды талқылаған жиын өтті

Соңғы жылдары Алматы қаласының экологиялық ахуалы үкімет пен халықты алаңдатып, бұл мәселе тұрғысында жиі сөз қозғалатын болды. Осы түйткілдің түйінін тарқату үшін әртүрлі жобалар қолға алына бастады. Алып шаһардың проблемасы да үлкен болатыны белгілі. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында жасалған іс-шаралардың нәтижесіз қалғаны да, пайдалы болғаны да жеткілікті. Әкімдік пен жауапты мекемелер тарапынан да, кәсіпкер-бизнесмендер мен экобелсенділер тарапынан да жасалған істер мен болашақта атқарылар жобалар туралы жиындарда кеңінен сөз болды. Өткен жылдың қорытындысы туралы жиында былтырғы жасалған жұмыстар сарапқа салынып, жауапты мекемелердің есебі тыңдалған болатын.
Ал алдыңғы аптаның соңында Алматы қаласы бойынша Экология департаментінде қоршаған ортаның жай-күйіне байланысты тағы да басқосу болды. Жиында «Алматы электр станциялары» Акционерлік қоғамына қарасты №2 және №3 жылу электр орталығына қатысты мәселе көтеріліп, өндірістен шығатын техногенді қалдықтардың бір түрі күлді қауіпсіз қылып жою немесе оны пайдаға жаратып, кәдеге асырудың жолдары қарастырылды.
Дөңгелек үстелге осы салаға қатысты мамандар қатысты. Атап айтсақ ғылыми зерттеу институттарының ғалымдары мен экобелсенділер, экоеріктілер және экологтар, қаладағы жылу-энергетика, жолқұрылысы жобалау компанияларының өкілдері және мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік сараптаманың, қоғамдық ұйымдардың мамандары, баспасөз ақпарат құралдарының өкілдері жиналды.
Жиынды департамент басшысы Қонысбек Байеділов ашты. Ол өз сөзінде Алматы қаласының аймағындағы өндірістік қалдықтардың табиғатқа, қоршаған ортаға, адам денсаулығына зиянды жақтарына тоқталды. Сондай-ақ, күл-қалдықтарды қайта өңдеп пайдаға жарату немесе жою үшін «Алматы электр станциялары» Акционерлік қоғамы әлі күнге осы бағыттағы шараларды қолға алмай отырғандығын айтып өтті. Сонымен қатар, жыл сайын күл-шлак қоймаларын қадағалап ұстап тұруға, сақтауға, бұзылған жерлерін қалпына келтіруге, қойма аймағын кеңейтуге қомақты қаражат бөлінетіндігіне де баса назар аударды. Ал, бұл шығындардың барлығы түптеп келгенде халық тұтынатын электр қуатының бағасы көтерілуіне жол беретіндігі анық. Сондай-ақ, статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, биылғы жылдың басындағы жағдай бойынша 2-жылу электр орталығында жиналып қалған күл-қалдықтардың көлемі 16 миллон тоннаға жетіпті. Бұл көрсеткіштің көлемі жылдан жылға ұлғайып барады. Тау-тау болып үйілген өндірістік қалдықтар ашық аспан астында тұрғандықтан қоршаған ортаға зиянын тигізіп, жер асты және жер үсті суларын бүлдіріп, жер қойнауының бұзылуына, қала ауасының ластануына, адам өміріне, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне кері әсер етуіне әкеліп соғады. Осы түйткілдерді жіліктеп талдаған экология департаментінің басшысы өзекті мәселені төтесінен қойды.

Өз кезегінде сөз алған «АлЭС» АҚ өкілінің жауабына дөңгелек үстелге жиналғандар қанағаттанбады. Сонымен қатар осы мәселеге қатысты өткен жылдың қазан айында өткен жиналыстың хаттамалық шешімдері де аталған акционерлік қоғам тарапынан орындалмай жатқандығы айтылды.
Дөңгелек үстелге жиналған ғалымдар мен сарапшылар, қоғам белсенділері өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратудағы әлемнің дамыған елдерінің озық тәжірибелері жайында сөз қозғап, жаңа технологиялық жетістіктерді пайдалану жөнінде кеңестерін айтты. Сондай-ақ өндірістік қалдықтарды пайдаланудың нормативтік-техникалық базасын әзірлеуге дайын екендіктерін жеткізді. Ал басқосуға келген жергілікті атқарушы мекемелердің өкілдері тарапынан маңызды ұсыныстар айтыла қойған жоқ.
Жиын соңында департамент басшысы қалдықтарды кәдеге жаратып, соның өзінен пайдалы заттар жасайтындардың ел ішінде көп екенін тілге тиек етті. Осы мәселені жолға қойғанда ғана зиянды қалдықтардың көлемі азайып, қаламыздың экологиялық ахуалына әр кіріп, қоршаған ортаның жағдайы жақсарып, тұрғындардың өмір сүру сапасы көтеріле түсеріне күмән жоқ деп, дөңгелек үстелді қорытындылады. Жиын қорытындысы бойынша алдағы күндерде атқарылатын іс-шаралардың орындалу мерзімі мен оған жауаптылар көрсетілген хаттама қабылданды.
Осы орайда, бүгін, яғни, 4 наурызда Аламаты қаласында қоршаған ортамыздың әл-ауқаты үшін бірлескен күрестің бірыңғай тетігін әзірлеу үшін эко-слет өтетінін де естеріңізге сала кеткенді жөн көреміз. Жиын Жандосов көшесіндегі 55-үйде орналасқан Нархоз университетінің бас ғимаратында болады. Басқосуға экологиялық еріктілер қозғалысының мүшелері, қоршаған ортаны қорғауға байланысты қызметпен айналыстын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ел экологиясына бей-жай қарай алмайтын азаматтар мен белсенділер жиналмақ. Эко-слет қалалық экология депараментінің ұйытқы болуымен өтеді. Бұл жиында да келелі мәселелелер қозғалып, маңызды шешімдер қабылданады деп күтеміз.
«Сабақты ине сәтімен» демекші ел игілігі үшін атқарылар істердің сөз жүзінде ғана қалмай, сапалы орындалып, қоршаған ортамыздың жай-күйі жақсарып, сүйікті қаламыз құлпыра түсеріне сенімдіміз. Табиғат ананы аялап, қамқорлық жасап отырғанда ғана өмірдің сапасы жақсара түсетіні белгілі. Барлық аурудың бастауы ауаның, судың, топырақтың ластануымен тікелей байланысты екені анық. Сондықтан адам баласы өз денсаулыға қандай күтім жасаса, қоршаған ортаға да сондай қамқорлықпен қарауы керек.

 

Нұрлы Еділов

 




Көрілген: 1244    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2020, 12:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30