Рухани жаңғыру

Тарихи-драмалық «Қазақ елі» туындысының жалғасын түсіру оңтүстіктен басталады

  • Тарихи-драмалық «Қазақ елі» туындысының жалғасын түсіру оңтүстіктен басталады

    Тарихи-драмалық «Қазақ елі» туындысының жалғасын түсіру оңтүстіктен басталады

«Қазақ елі» көпсериялы тарихи-драмалық туындысының жалғасы оңтүстікте түсірілетін болды. Оңтүстіктегі түсірілімі ағымдағы жылдың 25 сәуірінен 4 шілдесіне дейін жалғаспақ. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазақ елі» көпсериялы тарихи-драмалық телевизиялық сериалының түсірілім тобымен кездескен еді.


Кездесуге туындының қоюшы-режиссері Рүстем Әбрашов, бас продюсер Арман Асенов бастаған шығармашылық топ келді. Фильмнің қоюшы-режиссері Рүстем Жарасқанұлы басқосу барысында тарихи шығарманың өңірдегі түсіріліміне қолдау көрсету қажеттігін жеткізді.

Ж.Түймебаев тарихи сериалдың ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы мен қазақ тарихындағы Оңтүстік өңірінің тарихи мәніне тоқталды.

«Оңтүстік - қазақ тариxының негізгі кезеңі өткен ерекше өлке. Елбасының бастамасындағы Руxани жаңғыруда да өңірдегі тариxи орындардың өзіндік орны зор. Түркістан, Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам, Сауран, Отырар, Мәртөбе сынды қасиетті орындардың барлығында да ұлт тағдырын қалыптастырған айтулы оқиғалар өтті. Кино – тәрбие құралы. Осындай тарихи дүниелер арқылы біз болашақ ұрпақтың бойына отаншылдық, ерлік, намысқойлық сынды асыл қасиеттерді сіңіреміз. Сондықтан да үлкен үміт күткен тариxи фильмді Оңтүстікте түсірулеріңіз өте орынды, қолдаймыз. Дегенмен киноға осы өңірдің талантты әртістерін де көргіміз келеді. Мұнда кәсіби деңгейдегі өнер адамдары жеткілікті. Аталған фильмге жергілікті әртістерді қатыстыруды ұсынамын», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Фильмді Елбасының «Мәңгілік ел» бағдарламасына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» АҚ таспалауда. «Қазақ елі» көпсериялы тарихи-драмалық телевизиялық сериалының алғашқы маусымы «Алмас қылыш» деп аталса, ІІ маусымы «Алтын тақ» деген атаумен түсіріледі. Туындының Оңтүстіктегі түсірілімі ағымдағы жылдың 25 сәуірінен 4 шілдесіне дейін жалғасады. Түлкібас, Төле би аудандары мен Арыс, Ақсу өзендерінің бойында және Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында «Керей ханның ауылы», «Хан ордасы» сынды декорациялар жасалынады.

Жиынды қорытқан аймақ басшысы киіз үйлер, ат, көне декорациялар, медициналық және қауіпсіздік қолдау сынды көмектің барлығы жасалынатынын жеткізді. Тиісті сала, мекеме басшыларына тапсырма берді.

Өткен жылы кезекті Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Арыстанбек Мұхамедиұлы «Біз Керей мен Жәнібекпен шектелмей, ол фильмді Қасым ханға дейін түсіруіміз керек. Шыны керек, бүгінде «Алмас қылышты» ары қарай жалғастыруға барлық дайындықтар бар. Оны міндетті түрде жалғастыруымыз қажет. Осы жылы Қазақ хандығының эпопеясын Қасым ханға дейін жеткізуіміз керек», - деген еді.

Аталған жобаның бас продюсері Арман Асенов мырза басылымдарға берген сұхбатында аталған сериал туралы « ...қазір біз «Қазақ елінің» екінші маусымын дайындап жатырмыз. Алғашқыда «Мәңгілік ел» бағдарламасы аясында 100 бөлім деп жоспарланған болатын. Белгілі себептермен түсірілім жұмыстары кешікті. Сондықтан біз алғашқы маусымды 10 сериямен бастаймыз. Сосын екінші маусым, үшінші маусым болып жалғаса береді...» деген болатын.

Міне сол кезде айтылған сөздер көп ұзамай-ақ іске асып жатыр. Бұл жағдай еліміздегі киносүйер қауымды елең еткізді. Түсірілім тобына табыс тілеп сериалдың жалғасын көруді күткен жұртшылық туындының ерекше боларына сенімді.


Таңат Жайлау




Көрілген: 3695    Пікірлер: 0

жұма, 04.05.2018, 11:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31