Рухани жаңғыру

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабының таныстырылымы Қазан қаласында да өтті

  • «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының таныстырылымы Қазан қаласында да өтті

    «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының таныстырылымы Қазан қаласында да өтті

  • «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының таныстырылымы Қазан қаласында да өтті

    «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының таныстырылымы Қазан қаласында да өтті

Елбасымыздың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының таныстырылымы осы уақытқа дейін көптеген елдерде болды. Жақында ғана Татарстан халқы Ассамблеясы Бас консулдығының себепші болуымен Қазан қаласында да тарихи туындының таныстырылымы өтті. «Достық үйінде» болған жиында кітаптың мазмұны мен маңыздылығы жайында айтылды.

Былтырғы жылдың аяғында Астанада тұсауы кесілген бұл туынды тарихи публицистика жанрында жазылған, ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады. Кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген. Бірінші және екінші жаңғырту аясында тоталитарлық жүйеден түбегейлі ажырап, нарықтық экономиканы құру және бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті мерзімінен бұрын орындалды. Үшінші жаңғыртудың мақсаты – елімізді қалыптасқан жаңа жаһандық ахуал жағдайында жаңғырта отырып, әлемдегі ең өркенді 30 мемлекеттің қатарына қосу. «Тәуелсіздік дәуірі» отандық және шетелдік қалың оқырман қауымды қызықтырар туынды.

Осындай құнды еңбек болғандықтан кітап шараға арнайы шақырылған ғылыми, іскерлік және дипломатиялық ортаның қызығушылығын тудырды.

– Қазақстан мен Татарстан халықтары өзара бауыр. Ертеден-ақ мәдени, тарихи тұрғыда бір-біріне жақын. Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабында саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени тұрғының бәрі жазылған. Оқып отырып, өткенге көз жүгіртуге болады, - деді Татарстан халқы Достық үйінің директоры, Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің депутаты Ирек Шәріпов.

«Бұл құнды кітап өткенді және бүгінді ғана баяндап қоймай, болашаққа ұмтылу, қиындықтарға қарамастан, өршіл мақсаттарды алға қойып, тек алға жылжуды қалай іске асыру керектігін танытады», - дейді Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Еркін Тұқымов.

Жиын барысында Қазан Федералды университетінің сыртқы байланыстар бойынша проректоры Линар Латыпов, Татарстан Республикасының Ғылым академиясы татар энциклопедиясы мен аймақтану институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Искандер Гилязов, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің Казандағы өкілдігінің басшысы Радик Вахитов пен Татарстан Республикасындағы қазақтардың ғылыми-мәдени автономиясының төрағасы Сағит Жақсыбеков сияқты көптеген тұлғалар туынды туралы ойларын ортаға салды.

Былтыр Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астанада кітаптың тұсаукесері болаған сәтте мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков: - Бұл кітап Тәуелсіздіктің тағдыры туралы. Тәуелсіз мемлекет болып тәжірибесі болмаған Қазақстанда тәуелсіз мемлекет орнатудың тәжірибесі туралы кітап. Бұл туынды үлкен төрт бөлімнен тұрады. Осы төрт бөлімде Елбасы басынан аяғына дейін маржандай тізіп біздің үш рухани жаңғыруымызды көрсеткен, - деген еді.

Тарихи туынды бірнеше бөлім мен тақырыптардан тұрады. Әр бөлімнің тақырыптарына да ерекше мән беріліп, жаңа тарихымыз бен қазақстандық құндылықтардың дәуірлік оқиғалары нақты бейнеленген. Атап өтер болсақ «Тарихи әділеттілік салтанаты», «Тұғыры берік мемлекеттік құрылым», «Басты құндылығымыз - бейбітшілікті қастерлей білдік», «Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр», «Сыртқы саясат: тыңға түрен салғандай...», «Қияға көз тіккен Қазақстан барысы», «Баянды болсын Бас қала!», «Саяси тұрақтылықтың жемісі», «Тәуелсіздік рухымызды шыңдады», «Біз әлемдік дағдарыс сынағына төтеп бердік», «Бұрын-соңды болмаған зияткерлік өрлеу» деген сияқты көптеген бөлімдерде еліміздің жарқын сәттері айқын баяналып, ерекше дәлдікпен, нақтылықпен жазылған.

«Тарих біздің халқымыздың тағдыр-талайына жаңа мемлекет құрудың ұлы миссиясын жүктеді. Ағымнан жарылып, ақиқатын айтсам, таңдау көп емес еді – бізге не жанкешті жасампаздық жолына тәуекел ету немесе аяулы арманды аяқасты етіп, тағдырдың тәлкегіне көніп, миллиондардың көз жасын арқалап, тарих тұңғиығына кету ғана қалған. Осындай алмағайып заманда бұрынғы кеңестік елдердің талайы абдырап, әрі-сәрі күйге түсті. Кейбір жаңа тәуелсіз мемлекет басшыларының шолақ ойлы біліксіздігі халқын ұлтаралық қақтығысқа, қантөгіске дейін апарған азаматтық соғысқа ұрындырды. Оның ақыры миллиондаған жандардың қайғы-қасірет, қорлық пен зорлық көріп, бейшара күйге түсуіне әкелді. Қазақстан сол қасіреттің бәрін айналып өте алды. Өйткені 1991 жылы әрқайсымыз жүрек қалауымызды білдіре отырып, тілекке тілек, білекке білек қосып, ортақ шаңырақ астына бірігіп, береке-бірліктің, ынтымақ пен достықтың үлгісін көрсеттік. Бұл – біздің үкілі үмітіміз, бәрімізді бақытқа жетелеген баянды таңдауымыз болды.

Баршамыз талап қылып, халық болып жұмылған еңбектің арқасында, қалыптасқан мемлекетіміздің тұғырын бекітіп, кемел келешекке қарыштап қадам басып келеміз.

Тәуелсіз Қазақстан тарихының басты тағылымы мынада: кез келген тығырықтан жол тауып, кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдырып, ең асқақ арманға қол жеткізу әркімнің өз қолында.

Жеңіс пен жетістік – жасқанбай алға ұмтылғанның еншісінде.

Қазақстанды жоғары дамыған мемлекетке айналдыратын – азат ойлы, жаңашыл да жасампаз азаматтары. Ол үшін әркім жан-жақты және кемел білімге ден қойып, қажырлы еңбек пен өзін-өзі толассыз жетілдіруді өмір салтына айналдыруы қажет.

Демек, бүгін де болашақ үшін құлшына іске кірісетін, жігерімізді жанып, санамыз бен өмірімізді өзгертетін сәт тағы туып тұр.

Ұлы тарих Кемел келешекке жетелейді» - деп аяқталатын тарихи туындыны толқымай оқу мүмкін емес. Бұл кітапты сіңіріп оқу үшін зерденің зеректігі мен терең білім керек. Сонда ғана автордың ойын, тарихи сәттерді ерекше түйсіне аласын.


Таңат Жайлау




Көрілген: 5302    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.05.2018, 12:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31