Рухани жаңғыру

«Үркер» ұлттық сыйлығына арналған брифинг өтті

  • «Үркер» ұлттық сыйлығына арналған брифинг өтті

    «Үркер» ұлттық сыйлығына арналған брифинг өтті

«Үркер» ұлттық сыйлығын алуға ниет білдіргендер бүгіннен бастап өз өтініштерін жолдай алады. 10 мамырда Орталық коммуникациялар алаңында баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығына арналған брифинг өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Брифингке Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Н.О. Мауберлинова, «Qazcontent» АҚ төрағасы Е.Д. Кочетов, «Qazcontent» АҚ төрағасының орынбасары Д.Б. Әлжанов, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы жанындағы Білім беру жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің төрағасы М. Әбенов және журналист М.Есен қатысты. 

Жиын барысында Нұргүл Мауберлинова өтініштерді қабылдау ережесі мен байқауға келіп түскен шығармашылық жұмыстар қалай іріктелетінін айтты. Осы жылы байқау 12 номинация бойынша өтеді және тағы бір экперименттік номинация қосылып отыр.

«Номинациялар туралы көп ойландық. Ең үздік блогрелер мен вайнерлерді сондай-ақ ең танымал паблик пен жыл хайпын анықтасақ деген ой бар. Әділ болсын деген ниетпен оқырмандар өздері таңдасын деген шешімге келдік. Сол себепті қосымша қандай номинация болатынын дауыс беру арқылы анықтамақпыз. Мұның ешқандай қиындығы жоқ, тек el.kz сайтына кіріп, қай номинацияны қолдайтыныңызды дауыс беру арқылы таңдай аласыз», - деді Евгений Кочетов.

Ұлттық «Үркер» байқауына қатысу үшін el.kz. сайтына төмендегі номинациялар бойынша өтініштер жібере аласыздар:

• Үздік фотосурет;

• Үздік репортаж;

• Үздік сараптамалық материал;

• Үздік журналистік зерттеу;

• Үздік сұхбат;

• Қазақстан туралы үздік танымдық материал;

• Үздік халықаралық талдамалы материал;

• Үздік өңірлік радиостанса;

• Үздік өңірлік мерзімді басылым;

• Үздік Қазақстандық радиостанция

• Үздік интернет-басылым

• Үздік республикалық мерзімді басылым

Қазылар алқасы құрамына танымал қоғам қайраткерлері мен шығармашылық интеллигенция өкілдері, журналистика саласының майталман мамандары кіреді. Байқаудың лауреаты атанған журналистерге естелік мүсін мен қаржылай жүлделер табысталады. Әрбір жеңімпаз 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен дәстүрлі естелік мүсінге ие болады.

Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы былтыр алғаш рет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен өткен болатын. Ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы «Qazcontent» АҚ.

Ұлттық премия баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік жетістігі үшін беріледі, бұл марапат өңірлерде мультимедиалық журналистиканы дамытуға, журналистердің беделін арттыруға, журналистиканы насихаттан ерекшелейтін кәсіби стандарттар мен талаптарды бекітуге, сондай-ақ қоғамның азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Сыйлықтың негізгі мақсаты – талантты журналистер мен үздік шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін саралау және шығармашылық адамдарының елеулі еңбегіне қоғам назарын аудару.

Байқауға шығармашылық жұмыстары 2017 жылы жарияланған баспасөз редакциялары мен интернет-БАҚ өкілдері сондай-ақ радиостанциялардың журналистері қатыса алады.


 


 




Көрілген: 3381    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2018, 10:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31