Украина сабақтары

Киев пен Мәскеу газ келісіміне қол қойды

  • Ресейдің энергетика министрі Александр Новак газ келіссөздері қарсаңында. Брюссель, 29 қазан 2014 жыл.

    Ресейдің энергетика министрі Александр Новак газ келіссөздері қарсаңында. Брюссель, 29 қазан 2014 жыл.

Мәскеу мен Киев алдағы қыста Ресей газын Украинаға экспорттауға кепілдік беретін келісімге қол қойды. Украина мен Ресейдің энергетика министрлері - Юрий Продан мен Александр Новак және Еуропа Одағының (ЕО) энергетика жөніндегі комиссары Гюнтер Геттингер қол қойған келісімнің әрекет ету мерзімі 2015 жылдың наурызында аяқталады.

Геттингер келіссөз қорытындысы бойынша мәлімдемесінде "Біз қыста Украинаға ғана емес, сонымен бірге онымен шектесетін ЕО елдеріне де газ тасымалданатынына кепілдік бере аламыз" деді. Келісімге Брюссельде газ төлеміне қатысты ұзаққа созылған келіссөздерден кейін қол жетті.

Қол қою кезінде Еуропа комиссиясының президенті қызметінен кетіп бара жатқан Жозе Мануэль Баррозу "Мен саяси жауапкершілік, ынтымақтастық логикасы мен қарапайым экономикалық есептің салтанат құрғанына ризамын. Бұл қыста еуропалықтар тоңбайтын болды" деді.

azattyq.org




Көрілген: 2032    Пікірлер: 0

жұма, 31.10.2014, 09:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31