Украина сабақтары

Ресей өз әскерін Украинадан шығармай отыр

  • © 112.ua

    © 112.ua

 Ресей әскері бөлімшелерінде ауыс-түйіс жүргізді, бірақ өз әскерін Украинадан шығарған жоқ, - деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің баспасөз хатшысы (ҰҚҚК) Андрей Лысенко ВВС-дің Украиналық қызметіне.

"Бізде Ресей әскері Украина территориясында орналасқан өз бөлімшелеріне ауыс-түйіс жүргізіп отыр деген ақпарат бар. Бір бөлімді таратып, басқаларын кіргізіп отыр", - деді Лысенко. Оның сөзінше, Ресей өз әскерін әлі Украина аумағынан шығарған жоқ.

Сәрсенбі күні НАТО өкілі Джей Янсен Ресей әскерінің біразы Украинаны тастап кеткенін, бірақ әлі жекелеген бөлімшелері өз орындарында қалып отырғанын хабарлады. "Украина территориясында қалған ресейлік әскерилердің саны қанша екендігіне нақты баға беру қиын, өйткені шекараны көбінде ресейлік сепаратисттер бақылап отыр", - деді ол.

Янсен Украинамен шекарада мыңдаған Ресей әскері бар екендігін және Ресей Украинаға ізіне түсуі өте қиын арнайы әскер жібергендігін жеткізді.

Алайда Кремль Украина территориясында Ресей әскері жоқ деп мәлімдеп отыр. Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Украинадан Ресей әскерін шығару тәрізді мәлімдемені НАТО-дағы аппараттың қатардағы қызметкері электронды пошта арқылы жіберген екен.

"Мен мынаны назарларыңызға салғым келеді, Украинада Ресей әскері бар деген тәрізді НАТО-ның кезікті мәлімдемесін бұл жолы әлдебір подполковник Джей Янцен деген жіберіп отыр. Ол өзінің "ресми мәлімдемесінің" мәтінін беделді Reuters ақпараттық агентігіне кәдімгі электронды поштамен жіберген. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады, НАТО-ның штаб-пәтерінде ауыс-түйіс басталуына байланысты, НАТО-ның Бас хатшысы Расмуссен мырза отставкаға кеткеннен кейін, соңында оның аппаратының қызметкерлері де "атын шығарғысы" келген секілді", - деп РИА Новости Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілі генерал-майор Игор Конашенковтің сөзін келтірді.




Көрілген: 2414    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.09.2014, 12:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31