Сауалнама

Желтоқсан көтерілісін Тәуелсіздік жаршысы дей аласыз ба?



Әшірбек СЫҒАЙ, қоғам қайраткері:

– Сөз жоқ, Желтоқсан көтерілісі Тәуелсіздік алуымызда алғашқы қадам болды. Өйткені 1986 жылы еліміздің басшылығына ешкім танымайтын өзге ұлт өкілі – Колбинді алып келгенде, бұған наразы болған қазақ жастары қақа­ған суықта алаңға шықты. Бейбіт шеру өткізді. Бұл қазақты басқа ұлттың бас­қаруына қарсы наразылық шеруі болатын. Алайда бұл Кремльдің шамына тиіп, олар қазақтарды басып-жаншыды, қынадай қырды, алаң қызыл қанға боялды. Шын мәніне келгенде, бұл қазақ жастарының Тәуелсіз ел болуға ниеттенуінің көрінісі еді. Желтоқ­сан­шылардың атқан тасы қызыл империяның қабырғасына қатты тиді. Оның жаңғырығы бүкіл әлемге естілді. Алматыда бастау алған дүмпу әрі қарай Балтық елінде, Кавказ республикаларында жалғасты. Осылай­ша айналдырған бес жылда қызыл империяның қабырғасы сөгіліп, бос­тандық алдық. Сондықтан Желтоқ­сан көтерілісі – сөзсіз, Тәуелсіздігіміздің ал­ғашқы қар­лы­ғашы. Оның үсті­не, зұ­лым­дық импе­риясынан босатылған бүкіл 16 респуб­лика қазақ жастарына қа­рыз­дар деп есептеймін. Өйткені бос­тандық үшін ең алғаш қазақ жастары бас көтер­ді. Сондықтан Желтоқсан көтерілісін қазақ халқының батырлық бренді ретін­де наси­хаттауымыз қажет. Кейінгі жас­тар мұны жүрегімен сезінуі тиіс. Әрбір жас осы басымызға қонған бостандық бағын, бостандық бұлбұлын ұшырып алмауы керек.



Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің ІV шақырылымындағы депутаты:

– Биыл Қазақ елі айтулы қос датаны атап өткелі тұр. Оның біріншісі Тәуел­сіз­ді­гі­міздің 20 жылдығы болса, екіншісі – Жел­тоқ­сан көте­рі­лісінің 25 жылдығы. Бұл екі оқи­ға бір-біріне тығыз байланысты, мұны бөлі­п-жару­дың керегі жоқ. Қазақ хал­қы Ресей құра­мында бол­ған екі жарым ғасыр­лық мер­зім­де 300-ден астам ірілі-ұсақты көт­ері­ліс жасаған. Алай­да алғашқы­лары­ның бар­лы­ғы жеңіліспен аяқталса, Жел­тоқсан көте­рі­лісі нәти­желі болып, Тә­уел­сіздікке қол жет­кіздік. Сон­дықтан бұл оқи­ға біз үшін ерек­ше мәнге ие болуы тиіс. Шын мәніне кел­генде, алғаш қазақ халқын бү­кіл әлем Жел­тоқсан көтерілісі арқылы таныды. Сон­дық­тан мұны тікелей Тәуел­сіз­діктің жар­шы­сы дегім келеді.



Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

– Қазақ қашанда азаттықты аңсап келді. Ресейдің бода­нында жүргенде бостандық үшін қаншама көтеріліс жаса­ды. Елбасымыздың өзі Желтоқсан оқиғасына «Тәуелсіз­ді­гі­міз­дің қарлығашы» деген баға беріп отыр. Сондықтан Тәуел­сіз­дік бізге аспаннан салбырап келген жоқ. Ол үшін қан­шама қа­ра­көздеріміз жанын пида етті. Осыншама кең жер­ді най­заның ұшымен, білектің күшімен қорғап келген ата-ба­бала­ры­мыздың шын мұрагері бар екендігін осы жел­тоқ­сан­дықтар көрсетті. Сондықтан Желтоқсан көтерілісі мен Тәуел­сіздік тарихын байланыстырмау әсте мүмкін емес. Өйт­кені Желтоқсан көтерілісінен дәл бес жыл өткен соң, Қазақ­стан дербес мемлекет ретіндегі Тәуелсіздігін жария етті. Сан ға­сыр­лар бойы бабалар арманы болған егемендікке қол жетіп, көкірегімізде сенім оянды. Сол үшін Тәуелсіздік алуы­мызға тікелей себеп бол­ған Желтоқсан көтерілісін жаппай қоғам болып дәріп­теуіміз қажет.




Көрілген: 3583    Пікірлер: 0

жұма, 16.12.2011, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31