COVID-19. 53 пациенттің жағдайы өте ауыр
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 22 ақпандағы ақпаратты жариялады.
22 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 285 адам коронавирус инфекциясынан (13 679 КВИ+ және 7 606 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 838 пациент стационарда, 16 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
&bull 242 адамның жағдайы ауыр;
&bull 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
&bull 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.