Денсаулық

COVID-19 симптомдары өзгергерді

  • https://www.youtube.com/

    https://www.youtube.com/

Лондон Корольдік колледжінің ғалымдары COVID-19-дың негізгі симптомдары өзгергенін мәлімдеді. Бұл туралы Mirror ұлыбританиялық газетіндегі мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Басылым ұлыбританиялық колледж мамандарының зерттеуіне сүйеніп, коронавирус мутацияланғандықтан вирус жұқтырған адамда енді бас ауруы, жеңіл тұмау және тамақтың ауырсынуы байқалатынын хабарлаған.

 

Мұндай жаңалық ZOE қосымшасы арқылы анықталған, ол инфекцияның симптомдарын бақылауда ұстап отыратын бағдарлама. Сол қосымшаға сүйеніп, мамандар COVID-19 симптомдары мамырдан бері өзгергенін анықтаған.

 

Сонымен қатар, басылым мәліметінше, Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі коронавирустың негізгі симптомдары қызба, жөтел және дәм мен иіс жоғалуы деп санайды. Ал ДДСҰ коронавирустың негізгі белгілері қызба, құрғақ жөтел және шаршау деп есептейді.

 

РИА Новости мәліметінше, Роспотребнадзор Орталық ғылыми-зерттеу институтының эпидемиология жөніндегі директорының орынбасары Наталья Пшеничная коронавирус белгілерінің негізгі спектрінің өзгеруі екі инфекцияның үйлесімімен байланысты болуы мүмкін екенін айтқан.

 

Ол тамақтың ауырсынуы аденовирус инфекциясы мен COVID-19 комбинациясына көбірек тән екенін түсіндірді. Сонымен қатар, COVID-19-дың клиникалық көрінісіне маусымдық аллергия да әсер етуі мүмкін.

 

 




Көрілген: 248    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 11:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31