Денсаулық

Адам жасушаларының қартаюын не тоқтататыны белгілі болды

  • Адам жасушаларының қартаюын не тоқтататыны белгілі болды

    Адам жасушаларының қартаюын не тоқтататыны белгілі болды

Керамикалық нанобөлшектердің адам жасушаларының қартаюын бәсеңдету қабілетін итальяндық Istituto Italiano di Tecnologia (IIT) институтының ғалымдары анықтады, деп хабарайды Stan.kz ақпарат агенттігі ferra.ru-ға сілтеме беріп.


Ғалымдар жасушалар молекулалардағы электрондардың табиғи тепе-теңдігін жоғалтқан кезде пайда болатын тотығу стрессін зерттеді. Бұл процесс метаболизмнің бір бөлігі болып табылады, сонымен қатар ағзадағы жасушалардың қартаюына әсер етеді және жүрек жеткіліксіздігі, бұлшықет атрофиясы және Паркинсон ауруы сияқты кейбір ауруларға әкеледі", - дейді зерттеушілер.

Ғалымдар ғарышта қосымша сәулелерге байланысты ағза тотығу стрессіне көбірек бейім екенін анықтаған. Сондықтан итальяндық зерттеушілерде нанобөлшектер ғарыштағы жасушаларды қорғауға көмектеседі ме деген сұрақ туындаған. Ол үшін олар Халықаралық ғарыш станциясына бұлшықет жасушаларын жіберген, олардың кейбіреулері керамикалық нанобөлшектермен өңделген.

Үлгілер ғарыш кеңістігінен оралғаннан кейін ғалымдар оларды тексеріп, жасуша алған әсерді салыстырды.

"Нанобөлшектер дәстүрлі антиоксиданттарға қарағанда жақсы және ұзақ жұмыс істейді", - деді Италиядағы IIT өкілі Джанни Чофани.

Ғалымдардың айтуынша, әлі зерттелетін нәрсе көп: нанокерамиканы дұрыс қолданудың жолдары және қорғаныс әсері қанша уақытқа созылатындығын, сондай-ақ ықтимал жағымсыз жанама әсерін білу қажет.




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

сенбі, 05.09.2020, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31