Денсаулық

АҚШ-тың бас инфекционист дәрігері "мю" штамының ерекшелігін айтты

  • АҚШ-тың бас инфекционист дәрігері

    АҚШ-тың бас инфекционист дәрігері "мю" штамының ерекшелігін айтты

АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Энтони Фаучи CBS телеарнасына коронавирустың жаңа "мю" штамы алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша,"мю" штамында белгілі бір антиденелер қорғауынан жалтару қабілетін көрсететін бірқатар мутациялар бар.

 
Фаучи қазіргі уақытта сарапшылар коронавирус инфекциясының бұл түрі АҚШ-та басымдық алуы мүмкін бе, тексеріліп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, инфекционист "тікелей қауіп жоқ" деп баса айтты, өйткені қазір АҚШ-та "дельта" нұсқасының үлесі 99 пайыздан асады.

АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы дәрігерлерде АҚШ-та қолданылатын препараттардың "мю" штамынан қалай әсер ететіні туралы әлі толық ақпарат жоқ екенін мойындады.

Коронавирустың "мю" штамы алғаш рет Колумбияда табылған. Ол АҚШ-та, Испанияда, Нидерландыда және басқа елдерде тарала бастады.

Жаңа штамның сипаттамаларын зерттей отырып, колумбиялық ғалымдар ақуыздың құрамында 146N кірістіргіш пен бірнеше аминқышқылын алмастыру барын тапты. Сарапшылар бұл кірістірудің бірегей екенін және оның вирус жұқтыру немесе патогенезге әсері әлі белгісіз екенін айтады.




Көрілген: 1098    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 09:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31