Денсаулық

Ақтөбе облысында 20 әскери қызметкердің коронавирус жұқтырғаны анықталды

  • Ақтөбе облысында 20 әскери қызметкердің коронавирус жұқтырғаны анықталды

    Ақтөбе облысында 20 әскери қызметкердің коронавирус жұқтырғаны анықталды

COVID-19 вирусын жұқтырғандар қатарында полиция өкілдері мен әскери саланың және басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері бар

Ақтөбе облысында 29 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Олардың қатарындағы 20 науқас Ұлттық ұлан қызметкерлері деп хабарлайды "Мой город" сайты.

15 мамыр күні Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 29 жағдайы тіркелді.

"Вирус жұқтырғаны расталған 29 науқастың 20-сы Ұлттық ұланда еңбек ететін әскерилер. Арасында полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлер де бар. Екі науқастың жағдайы ауыр, біреуі өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиев.

Қалиевтің айтуынша, әскери қызметкерлердің сырқаты скринингтік тексеріс нәтижесінде анықталған.

"Әскерилер бір жерде болған. Сондықтан да олар бірден ауруханаға жеткізіліп, байланыста болғандар дереу оқшауланды", – деді ол.

Жеті науқас Атыраудан келген "Теңізшевройл" ЖШС-нің жұмысшылары болса, қалған екеуі бұрын науқастармен байланыста болған азаматтар.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 224 адамды құраса, олардың 141-і жазылып шықты.




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.05.2020, 00:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31