Денсаулық

Ақтөбеде Түркиядан келгендерден сынама алған дәрігер ереже бұзған (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Ақтөбеде дәрігерлер ПТР сынама алу кезінде санитарлық талапты сақтамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбеде шетелден келгендер дәрігерлердің жұмысына наразылық білдіріп, ПТР сынама алу сәтін әлеуметтік желіге жариялап жіберді.

 

 Онда бір терезе арқылы сынама тапсырған адамдар арақашықтықты сақтамаған, ал дәрігер сынама алу ережесін ескермеді.

 

«Алғаш кезде біз бұл жағдай Ақтөбеде емес деп ақпарат бердік. Өйткені әуежайдан сұрағанда «бізде жоқ» деп айтты. Видеоны зерттей келе оқиғаның А.Досжанова атындағы жатақханада орналасқан каратин стационарында болғанын анықтадық. Жолаушылар Түркиядан келген. Бірқатар бұзушылық анықталды. Медицина қызметкерінде қорғаныш құралы болмады, материал алу техникасы бұзылған. Адамдар әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған. Стационардың жауапты аға дәрігері тәртіптік жазаға тартылды. Оған ескерту берілді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекболат

 

 

Айта кетейік, бас санитар дәрігердің соңғы қаулысына сәйкес шетелден келгендер карантинге жатқызылып жатыр.

 

Барлығы 495 ПТР тест алынды. Екеуінен коронавирус инфекциясы анықталды. Біреуі - Түркістан облысының тұрғыны. Ол Мәртөк ауданындағы ауруханада ем алып жатыр.

 

Ал екіншісі - Ақтөбе қаласының тұрғыны. Ол үй карантинінде. Екеуі де Ресейден келген.

 

«Облыста жағдай тұрақты. Соңғы тәулікте ешкімнен вирус анықталмады. Барлығы 3257 адам вирус жұқтырса, оның 98 пайыздан астамы жазылды. Инфекциялық стационарда 37 науқас ем қабылдап жатыр. Оның төртеуі жансақтау бөлімінде. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған ешкім жоқ. Балалар дін аман», - деді Бекболат Ізбасаров.




Көрілген: 409    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 13:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30