Денсаулық

Аллергиясы барларға вакцина салдыруға бола ма?

  • Аллергиясы барларға вакцина салдыруға бола ма?

    Аллергиясы барларға вакцина салдыруға бола ма?

Қазақстанда коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі, аллерголог Рафаэль Розенсонның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинаға аллериясы барлар өте сирек кездеседі.
  «Қандай санаттағы азаматтарға екпе алуға болмайтындығы туралы сан мәрте рет айтылды. Бірақ «Егер вакцинаның бірінші компонентін алған адамда аллергия байқалса, оған екіншісі салына ма?» деген сауал көпшілікті мазалап жүр. Бұндай жағдай өте сирек болады. Бірақ менің тәжірибемде кездесті. Мәселен, «Спутник V» екпесінің бірінші компонентін алған әйелде аллергиялық реакция байқалған. Енді оған екіншісі салынбайды. Қазір біз әйелге құрамы жағынан қарсы көрсетілімдері жоқ вакцинаны таңдап жатырмыз», - дейді Рафаэль Розенсон.
 

Оның айтуынша, вакцина алмас бұрын аллергиялық асқынуды емдеп алған жөн. Бұл көбінесе маусымдық аллергияларға қатысты.

«Жаз шығып, айнала жасыл желекке оранғанда ел арасында «поллиноз» деп аталатын аллергия ушығады. Енді оның аяқталуына да көп қалған жоқ. Содан кейін еш қорықпай вакцина ала беруге болады», - деді аллерголог.

«Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі өз сөзінде қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт өсіп кеткендіктен тұрғындарды карантин шараларын бұзбауға және індеттен қорғануға мүмкіндік беретін жалғыз амал – вакцина алуға шақырды.

NEGE.




Көрілген: 1035    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.08.2021, 23:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31