Денсаулық

Алматыда эпиджағдай күрделене түсті: Бекшин тұрғындарға үндеу жолдады

  • Алматыда эпиджағдай күрделене түсті: Бекшин тұрғындарға үндеу жолдады

    Алматыда эпиджағдай күрделене түсті: Бекшин тұрғындарға үндеу жолдады

Алматыда коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал шиеленісе түсті. Осыған байланысты қалалық бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин тұрғындарға үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 23 қазандағы жағдай бойынша, бүгінге дейін мегаполисте жалпы коронавирус инфекциясының 14607 оқиғасы тіркелген, оның 8762 - симптомды, 5845 - симптомсыз.

«Соңғы тәулікте COVID-19-дың 44 жағдайы және анықталмаған пневмонияның 5 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім - 0,3%, жұқтыру коэффициенті - 1,37 боп тұр. Осы аптада КВИ деңгейі бірінші аптаның деңгейінен 9 есе асып түсті. Қаладағы жағдай шиеленісе түсуде және аурушаңдықтың өсіп келе жатқаны байқалып келеді», - деді Жандарбек Бекшин.

Жалпы, әлемдегі эпидемиялық жағдай нашарлап бара жатқаны атап өтілді.

Мысалы, Ресейде күніне 12 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Еуропа мен Америка аймағында да осындай жағдай. АҚШ-та тәулігіне шамамен 60 мың жағдай, Францияда - 30 мың, Ұлыбританияда - 14 мың, Испанияда, Германия және Италияда 5-15 мың жағдайдан тіркеліп отыр.




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 15:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30