Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда жаңа қаулы жарияланды

30 шілде 2021, 18:16

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин туралы жаңа қаулысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Қаулыға сәйкес, қалада 2 тамыздан бастап жаңа шектеу шаралары енгізіледі. Олар кем дегенде 16 тамызға дейін әрекет етеді. Жаңа қаулыда кәсіпкерлік нысандарына Ashyq жобасын енгізу туралы талаптар енгізілген:

 

Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №33 қаулысының 4-қосымшасында көрсетілген (осы қаулыға қоса берiледi) эпидемиологиялык жағдайдың "қоңыр-қызыл" аймағына сәйкес келетін Ashyq жобасына катысатын әлеуметтік экономикалык нысандар кызметiн шектеу;

 

меншiк нысанына карамастан, Ashyq жобасына катыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметін токтата тұру;

 

орталық мемлекеттік органдар, әкiмшiлiктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азык-түлік дүкендері (супер-гипермаркеттер, азык-түлік дүкендері, минимаркеттер, зоодүкендер);

 

дәріханалар және өмір сүрудi камтамасыз ететін ұйымдары;

 

құрылыс жұмыстары, өндiрiстiк ұйымдар.