Денсаулық

Алматыда қызылшамен ауырғандар саны күрт артқан

  • © anamenbala.kz

    © anamenbala.kz

Алматы жұқпалы аурулар ауруханасына қызылша жұқпасымен келушілердің саны артқан, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қалалық дәрігерлер жұқпалы қызылша ауруынан сақтану жолдары туралы айтып берді.


Қызылша - өте өткір жұқпалы ауру. Ол науқас адамнан жұғады. Жұқпаны жұқтырған адам 7-ші күннен бастап айналасына қауіп төндіре бастайды. Адамның денесіне қызыл бөртпелер шыққаннан бастап арада 4 күн өткенде жұқпаның ауаға таралуы тоқтайды.


Дәрігерлердің айтуынша, бұл аурумен көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар ауырады. Ал екпе қабылдамаған адамдарға бұл ауру балаларға қарағанда екі есе ауыр тиеді. Көктем-қыста қызылша ауруы көп белең алады. Ал тамыз-қыркүйекте бәсеңдейді.


«Қызылшаны басқа аурулардан ажырату оңай. Басында алғашқы белгілері жай тұмаумен бірдей болады. Дене қызуы, жөтел, мұрынның бітелуі, тағы басқа белгілері бар. Содан кейін азу тістердің түбінен қызыл бөртпелер шыға бастайды. Вирус шырышты қабықты бұзады. Бұл қызылшаның басқа аурулардан айырмашылығын білдіреді»,- деді денсаулық сақтау басқармасынан.


Дәрігерлер қызылша ауруын жұқтырмас үшін екпе алмаған азаматтарға адам көп шоғырланған жерлерге бармау жөнінде кеңес береді.


 




Көрілген: 512    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.11.2018, 16:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30