Денсаулық

Алматыда тұмауға қарсы вакцинация жұмыстары басталды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Ертең Алматы қаласында тұмауға қарсы егу жұмыстары басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Алғашқылардың бірі болып вакцинаны Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин салдырды. Биыл екпе жылдағыдан 2-3 аптаға ерте басталып отыр. «Ол коронавирус инфекциясының таралуына байланысты», – дейді Жандарбек Бекшин.

 

Тұмауға қарсы вакцина мұқтаж адамдарға тегін салынады. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, жиі ауыратын балалар, қарттар мен мүгедектер бар. Жүкті әйелдерге де тегін.

 

Жандарбек Бекшин, қаланың бас санитарлық дәрігері:

 

– Биыл вакцинаның 130 мың дозасын алдық. Коронавирустық инфекцияға байланысты тағы қосымша 300 мың доза алуды көздеп отырмыз. Вакцинаның қосымша дозасы қараша айында келуі мүмкін.

 

Сондай-ақ ертеңнен бастап Алматыдағы 3-4 сынып оқушылары үшін кезекші топтар жұмыс істей бастайды. Ондағы оқушы саны 15 баладан аспауы тиіс. Барлық санитарлық талап қатаң сақталатын болады.

 

«Мұндай шешім қабылдауға аурудың таралу көрсеткішінің төмендеуі себеп болды», – деді Жандарбек Бекшин.

 

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері:

 

– Осы екі аптанда оқушылар арасында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Сондықтан 15 қыркүйектен бастап біз 3-4 сыныптарды оффлайн режимде оқуға қостық.

 




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 02:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31