Денсаулық

Алматылық медицина ұйымдарына 80,3 млрд теңге төленді

  • Алматылық медицина ұйымдарына 80,3 млрд теңге төленді

    Алматылық медицина ұйымдарына 80,3 млрд теңге төленді

Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс және медициналық сақтандыру шеңберінде алматылықтарға қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 80,3 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетіліп жатқан тегін медициналық көмек үшін 57,5 млрд теңге және медициналық сақтандыру үшін 22,8 млрд тенге төленіп отыр. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы болып табылады. 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастады.

«Жалпы, Алматы қаласында 173 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жекеменшік клиникалар. 2020 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 190,6 млрд теңгені құрап отыр», – делінген хабарламада.

 
 

 




Көрілген: 256    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31