Денсаулық

Астанада аяқ сүйегі 40 рет сынған 9 жасар балақайға шұғыл көмек керек

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Астаналық Аружан Оразбековаға дәрігерлер бір жасында "хрусталь бала" диагнозын қойған. 2013 жылдан бастап ем алып жүрген бүлдіршінге аяғына тұрып, жүріп кету үшін шұғыл түрде ота қажет. Жалғыз қызы Аружанға жанұшыра көмек сұраған Гүлвира Оразбекова NUR.KZ тілшісіне мәселенің мән-жайын айтты.


Оразбековтар отбасы осыған дейін Аружанды ресейлік дәрігерлерге емдетіп келген екен. Аружанның анасы Гүлвира Оразбекованың айтуынша, жалғыз қызының басты арманы өзінің қатарластарымен бірге мектепке өз аяғымен барып-келу көрінеді.


"Аружан қызымыз 2009 жылы дүниеге келді, қазір 9 жаста. 2013 жылдан бастап Мәскеудегі GMS клиникасында әр 4 ай сайын ақылы ем қабылдап келеді. Сол емнің арқасында сүйегі қатайып, аяқтан тік тұрған еді. Өздеріңіз білесіздер, балалар тез өседі. Оң аяғы кішкентайынан 30-40 рет сынғандықтан, сүйектері жөнді өспей, қисайып, деформацияланып, жүруге мүмкіндік бермей отыр.


Қазірдің өзінде сүйек өсіп келе жатқандықтан, тіпті, жілік майына зақым келе ме деген қауіп бар. Жалпы мұндай балалардың сүйектеріне "телескопиялық шкифт" - сүйекке бекітетін темір салынады. Мұндай темір тек Германияда ғана жасалады. Біздің Мәскеудегі дәрігерлер сол темірді алдыртып, ота жасап береміз деп отыр.



Бірақ ол үшін 1 млн 400 мың рубльдай, яғни, 8 млн теңгедей қаражат керек болып тұр. Өзім нейроонкология санаты бойынша екінші топтағы мүгедекпін, миымнан ісік табылып, екі рет ота жасалған", - дейді Аружанның анасы.

Әңгіме барысында Гүлвира Оразбекова сондай-ақ Астанада пәтер жалдап тұрып жатқандықтарын айтты.


"Астанада пәтер жалдап тұрамыз, айына 120 мың пәтерге, сондай-ақ, 25 мың коммуналдық қызметке төлейміз. Қаланың шетінен арзанға үй жалдауға болушы еді, алайда, Аружанға ерекше күтім керек, сондықтан еріксізден осындай пәтерде тұрып жатырмыз. Пәтердің кезегіне 2011 жылы тұрғанбыз, содан бері кезек жылжыған емес. Әкімдікке талай рет үй мәселесі бойынша барғанмын, бірақ амал нешік? Бір үйде екі мүгедек отырсақ та, пәтер ала алмай отырмыз", - деп жанайқайын жеткізді астаналық ана.

Гүлвира Оразбекованың айтуынша, бүкіл жанұя отағасының напақасына жан бағып отыр екен.


"Жолдасып құрылысшы, осында пәтерлерге ремонт жасайды. Аружанды Қазақстанда емдейтейік десек, үкімет тарапынан хрусталь балаларға квота, ем-дом және оңалту шаралары қарастырылмаған. Былайша айтқанда түк те жоқ. Сондықтан мұндай балалардың бәрі Мәскеуге, Ресейге барып емделуге мәжбүр.

Бар арманым осы балаларымызды жеткізіп, Аружанымды аяқтан тік түрғызу. Аружан да басқа балалар сияқты мектепке өз аяғымен барып, сабақ оқысам дейді. Қазір 3-сыныпты үйден оқып отыр. Тағы бір арманы өз аяғымен тұрып, Елбасымен кездесіп, сол кісінің батасын алу. Осы балапанымның бала арманына қол жеткізу үшін, көпшіліктен көмек сұраймын", - дейді бүлдіршіннің анасы Гүлвира Оразбекова.

Аружан Оразбековаға көмек қолын созамын дейтіндер келесі телефон номеріне хабарласып, төмендегі шотқа қаражат аудара алады.


Телефон номері: 87756507639


Халық банкі: 4402 5735 4335 5541.


Каспий голд: 5169 4931 2917 6338


ИИН 760827402541. 




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.12.2018, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31