Денсаулық

Астанада өрімдей жас қыз жыныстық қатынас арқылы жұқпалы ауру жұқтырған

  • © Көрнекі фото: gubdaily.ru

    © Көрнекі фото: gubdaily.ru

Астанада өрімдей жас арулар гинеколог мамандарды жағалап, ақ халаттылардың көмегіне жиі жүгінетін болған. Өкініштісі жас қыздар мектеп бітірісімен жыныстық қатынасқа түсіп, түрлі жұқпалы ауруларды жұқтырады екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Мамандардың сөзінше әсіресе жас арулардың арасында "сифилис" ауруы кең тараған екен.


"Бейтаныс адамдармен жыныстық қатынасқа жиі түсудің салдары осылай болады. Бойжеткендер де, ер адамдар да сақтанбай жақындасып, бір-біріне ауру жұқтырады. Мәселен өткен айда ғана жап-жас қыз баланың "сифилис" ауруына шалдыққан жағдайы тіркелді. Әдетте бұл ауру орта жастағы әйел адамдарда жиі кездесетін. Өкініштісі қазір өрімдей қыздар жыныстық өмірге ерте аяқ басады. Нәтижесінде осындай келеңсіз жайттарға тап болып жатады. Сосын ата-аналарына айтпай, гинеколог жағалап жүреді", - дейді маман.


Ол сондай-ақ ерте жастан жыныстық қатынасқа түсетін жасөспірімдерге сақтану қажеттігін айтты.


"Жыныс мүшелерінің жұқпалы ауруларын жұқтырмаудың басты ережесі – сақтану шаралары. Ол әйелдерге де, ерлерге де қатысты. Сақтықта қорлық жоқ. Тек сақтану арқылы ғана барлық аурулардың алдын алуға болады", - дейді гинеколог.


 




Көрілген: 775    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.03.2019, 12:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30