Денсаулық

Атырауда энергетикалық кәмпиттен уланған бала ауруханаға түсті

  • © Атырау облыстық ОКҚ

    © Атырау облыстық ОКҚ

Атыраулық дәрігерлер тәтті кәмпиттен уланған 10 жасар баланы құтқарды. 19 желтоқсанда бала ауыр және ес-түссіз күйде облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем көлігімен жеткізілді, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратқа сәйкес, дәрігерлер балаға «Кәмпиттердегі кофеиннен улану» деген диагноз қойды. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген бала бірден жансақтау бөліміне орналастырылып, оның асқазаны тазалап, шайылған, бала бір сағаттан кейін есін жиған.

Баланың айтуынша, сабақ біткен соң ол дүкеннен Flush UP деп аталатын энергетикалық кәмпиттің 7-8 данасын сатып алып, бәрін бірден жеген. Біраздан соң ол өзін жайсыз сезініп, одан кейін не болғанын білмейді.

- Науқасты педиатрия бөліміне ауыстырды. Есі шыққан ата-ана дәрігердің баланың жағдайына қатысты қойған сұрақтарына жауап бере алмаған. Бақытымызға орай, біз уланудың себебін дереу анықтап, дер кезінде шаралар қолдандық, ал қазір бала үйге жіберілді, оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, - дейді дәрігерлер.

 




Көрілген: 462    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.12.2019, 19:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29