Денсаулық

Бала COVID-19 жұқтырған жағдайда не істеу керек?

  • Бала COVID-19 жұқтырған жағдайда не істеу керек?

    Бала COVID-19 жұқтырған жағдайда не істеу керек?

Бала COVID-19 жұқтырған жағдайда не істеу керек, қандай белгілер байқала бастаған кезде жедел жәрдем шақыру керек және вирус жұқтырып алмау үшін қандай шаралар қолдану керек? i-balaqai жобасында медицина ғылымдарының докторы, профессор, MBA (Master of Business Administration) Сәуле Сәрсенбаева пайдалы кеңестерін бөлісті. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

 

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - "Қазақтелеком" АҚ. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. i-balaqai talks - байланыс орнатудың жаңа форматы.

 

"Балалар да ауырады, себебі вирус жас талғамайды. Қазақстанда, статистика бойынша, ауырған 2400 бала анықталған, нақты коронавирус инфекциясы бойынша. Оның ішінде, ауру белгісі бар және симптомсыз балалар үлесі 50 де 50 болды. Неліктен симптомы жоқ балаларды тексерді? Себебі олар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған", - дейді Сәйле Сәрсенбаева.

 

Аздаған балада ауру ауыр өткен. Көбіне 12-13 жастағы жеткіншектерге қиын соққан. Әлемдік статистика бойынша, 10 жасқа дейінгі балалар арасында өлім деңгейі нөлге тең. Сарапшының сөзінше, ондай жағдай да көп болмаған, мысалы АҚШ-та, ол баланың жүрегі нашар болған. Ал Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасындағы ауру деңгейі 1,6 пайызға, Ресейде 1,9 пайызға тең, ал дүние жүзінде бұл көрсеткіш 2 пайызға да жетпейді.

 

Білім және ғылым министрлігі 1-сыныпқа барған кезекші сыныптарда қауіпсіздік шарасын қабылдаған. Оқушылар бір ғимаратта оқиды, үзіліс әртүрлі уақытта болады, асханалар жұмыс істемейді.

 

Вирусты жұқтырып алмау жолдары

Сәуле Сәрсенбаева ғимараттағы негізгі ережелерді түсіндірді:

  • Әрбір 15-20 минут сайын сыныпты желдетіп тұру керек;
  • Кірер алдында дене қызуын өлшеу керек. Қандай да бір белгі байқалса баланың ата-анасын немесе жедел жәрдемді шақыру керек;
  • Сыныпта дезинфекция және санитарлық тазалау жұмыстарын жасау керек;
  • Құрғақ жерде вирус тез тарайтындықтан бөлмені ылғалдандыру керек. Егер ауаны ылғалдандырғыш болмаса, әрбір 2-3 сағат сайын ылғалды тазалау жүргізу керек.

 

"Бұл жағдайда ата-аналар үлкен роль атқаруы керек. Мұғалімдер жағдайды бақылауда ұстап, балаларға гигиена ережесін түсіндіреді. Гигиеналық тәрбиемен күшейтілген жұмыс - ата-ананың вируспен күрестегі алдын алуға қосқан үлесі, яғни қолды жиі жуып, қаламсапты ауызға салмау керегін, бір бөтелкеден ішуге болмайтынын түсіндіру. Әрине, қорғаныш құралдарын да беру керек - ол маска", - дейді дәрігер.

 

Мектепке барып оқитын оқушыға кем дегенде қосымша екі маска беру керек. Егер бірнеше рет қолдануға арналған маска болса, оның ыңғайлы екеніне көз жеткізу керек.

 

"Қолданылған масканы салатын целлофан пакет салып жіберу керек. Орап, пакетке салып, сосын қолыңды жуып, санитайзермен тазалап, таза масканы таққаннан кейін мектептен шығады. Әрине, мектепте санитайзерлер бар, бірақ баланың өзінде де сеуіп қолданатын флакон болуы керек", - дейді Сәуле Сәрсенбаева.

 

"Балаға қалай дұрыс жөтелу керегін де үйрету керек. Қолға жөтелмей, шынтаққа қарай жөтеліп, міндетті түрде қолды жуу керек", - дейді маман.

 

Одан бөлек, ата-аналар баласына ол жақындарының, әсіресе атасы мен әжесінің денсаулығына жауапты екенін түсіндіруі керек. Балалар өте сирек ауыратынына қарамастан, олар вирусты тасымалдаушы болуы мүмкін, яғни олар егде жастағы адамдар үшін қауіпті.

 

Ата-аналар балада қандай да бір белгі байқалған кезде оны мектепке жібермеу керегін түсінуі керек.

 

"Бұрын, егер естеріңізде болса, ауырып тұрған баланы да мектепке жіберетін. Сәл жөтеліп, мұрны бітеліп тұрса да жіберетінбіз. Бұл жағдайға саналы түрде қарап, басқа балалардың да, мұғалімдердің де денсаулығына байланысты тәуекелге бармау керек", - дейді маман.

 

 

Бала ауырып қалған жағдайда не істеу керек?

"Таңертең анасы баласы өзін нашар сезініп тұрғанын байқады делік. Ол баланың маңдайын тексеріп, ысып тұрғанын байқап, дене қызуын тексергенде 38 градус екенін, тұмаудың жеңіл түрі екенін анықтады. Не істеу керек? Ең алдымен ол баланы үйде қалдырады. Учаскелік дәрігерге хабарласып, баланы бірден ауруханаға апарудың қажеті жоқ, себебі ол басқа адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін", - дейді дәрігер.

 

  • Дене қызуының төмендеуінің көрсеткіштері бар

"38 градусқа дейін болса, оны түсірмейміз, организмнің күресуіне мүмкіндік береміз, себебі дене қызуының көтерілуі - қорғаныс-бейімделу реакциясы. Бұл жағдайда вирусқа қарсы заттар бөлінеді".

 

  • Ауыз су режимін қайта қарау керек

"Бұл сусыздану мен интоксикацияны емдеу және алдын-алу жолдары. Орта есеппен біз дене салмағының бір келіге 50 миллилитрден есептейміз. Егер баланың салмағы 30 келі болса, онда күніне шамамен 1,5 литр. Газдалмаған ауыз суды да, үйдегі суды да ішуге болады. Әрине, тәтті газдалған сусындарды да, компот, шай немесе арнайы ерітінділер, глюкоза тұз ерітіндісін ішуге болады".

 

  • Баланың ұйқы режимі қалыпты болуы керек

Ата-аналар баланың жағдайын вирус инфекциясының өршу деңгейіне қарап анықтайды. Егер бала сау болса, ешқандай созылмалы аурулары болмаса, инфекция жұқтырғанда 3-4 күндей дене қызуы көтерілуі мүмкін.

"7 күннен кейін ол төмендей бастайды да бала аурудан айығады. Егер қолайсыз факторлар болса, ауру белгілері нашарлай бастауы мүмкін. Сәйкесінше, учаскелік дәрігерді шақырып, маманның көмегіне жүгіну керек", - дейді Сәуле Сәрсенбаева.

 

Жедел жәрдем шақыру үшін нақты себептер болу керек:

  1. Дене қызуы жоғары болғанда (39,5 градустан жоғары);
  2. Лоқсу;
  3. Диарея синдромы;
  4. Талықсу

 

Видео-сұхбатты Tengri TV-дің YouTube-арнасынан, Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады.

Сондай-ақ подкаст түріндегі материалды SoundCloud, Anchor.FM, Яндекс.Музыка және "ВКонтакте" желісінде тыңдай аласыздар.




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

сенбі, 05.09.2020, 11:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31