Денсаулық

Бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында күндізгі режиде жұмыс істеуі үшін қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина салдыруы керек нысандар тізімі толықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Жаңа тізімге енген нысандар:

 

* халыққа қызмет көрсету нысандары - бұл ХҚКО, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының нысандары, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пунктері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, SPA және массаж салондары/орталықтары/кабинеттер, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтер;

 

* тұтыну өнімдері мен тауарларын көтерме және бөлшек сауда, қоймалар, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;

 

* мәдениет және демалыс нысандары - бұл музейлер, қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары;

 

* халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандар - бұл қонақ үйлер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер;

 

* жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, көлік және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдар, жолаушыларға қызмет көрсету пунктері;

 

* білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде ересектер мен балаларға арналған білім беру дамыту және түзету орталықтарының, оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдарды;

 

* санаторий-курорт және сауықтыру мақсатындағы нысандар - бұл санаторийлер, үйлер, базалар және демалыс аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері-мектеп жанындағы, қала сыртындағы, туристік базалар;

 

* қоғамдық тамақтандыру, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ, стритфуд жеткізуді жүзеге асыратын нысандар;

 

* барлық үлгідегі медициналық - әлеуметтік нысандар - қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері;

 

* Денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;

 

* дәріхана ұйымдарының;

 

* тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық нысандары - сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау ұйымдары, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару бойынша, үй-жайлар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК;

 

* экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;

 

* ойын-сауық нысандары - компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары мен саябақтар, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату бойынша пункттер/нүктелер;

 

* байланыс және телекоммуникация нысандары.

 

Айта кетейік, Қазақстанда міндетті вакцинацияның жаңа мерзімдері бекітілген болатын.

 

 

 

 




Көрілген: 2380    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.07.2021, 12:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30