Денсаулық

"Босанған соң екі айдан кейін": Мамандар емізетін аналарды вакцина салуға шақырады

  • "Босанған соң екі айдан кейін": Мамандар емізетін аналарды вакцина салуға шақырады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлері иммунитет балаларға емшек сүті арқылы берілетінін мәлімдеді. Ұйым, сондай-ақ жүкті әйелдер мен емізетін аналарға коронавирусқа қарсы вакцина егуді ұсынып отыр. Осыған байланысты сұрақтарға медицина мамандары тұрғындардың сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

“Вакциналау – коронавирусты жеңудің жалғыз жолы деп жатыр. Одан да ауруды жеңетін күшті дәрі ойлап таба салу оңай емес пе? Әлемде осы бағытта қандай да бір дәрілер әзірленіп жатыр ма? Әлде бір жарым жыл ішінде олар ештеңе ойлап таппады ма?”, – деген сауал қойды тұрғын.

 
“Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияның емі жоқ. Біз тек ковид белгілерін емдеуді үйрендік. Перспективалы дәрі-дәрмектердің бағасы өте жоғары. Сондықтан оларды жаппай қолдану туралы айтудың қажеті жоқ. Коронавирустық инфекциядан құтқаратын жалғыз дәрілік препарат – вакцина”, – дейді медицина ғылымының докторы Дмитрий Еделев.

Сондай-ақ “жас аналарға вакцинация жасау қауіпті емес пе? Бұл балаға әсер ете ме?”, – деп сұрады алматылық тұрғын.

“Біз босанғаннан кейін екі айдан соң бала емізетін әйелдерді вакциналау керек деп санаймыз. Оны қорғау басқаша қиын болады. Біз алғашқы екі айда әйел сыртқы әлеммен аз байланысады деп ойлаймыз. Бірақ оның айналасындағы отбасы мүшелері вакциналануы керек. Бұдан соң босанған соң екі-үш айдан кейін вакциналануы тиіс. Антиденелер ананың сүті арқылы балаға беріледі. Осылайша инфекция қаупінен қорғау оңайға түседі”, – Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары, егер емізетін ана коронавирус жұқтырса немесе вакцина алса, емшек емізуді тоқтатпауға кеңес береді.




Көрілген: 919    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.07.2021, 12:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30