Денсаулық

Біртанов бюджет қаражатын жымқырмаған болып шықты

  • https://kapital.kz/

    https://kapital.kz/

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша тергеу аяқталды. Қорғаушы тараптың пікірінше, тергеу кезінде көптеген заң бұзушылыққа жол берілді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне экс-министрдің қорғаушысы Дмитрий Куряченко мәлімдеді.

 

"Тергеу аяқталды. Тергеу аяқталуына бес күн қалғанда күдік "жымқырудан" "өкілеттікті асыра пайдалануға" ауыстырылды. Жалпы тергеу денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысын бюджет қаражатын жымқыру күдігі бойынша 2020 жылдың мамырында басталғанын еске салғым келеді. Алайда ақырында ешқандай жымқыру фактісі жоқ екені анықталды. Оны кейіннен қаржы мониторингі агенттігі де мойындады. Бірақ Біртанов та, қорғаушысы ретінде біз де ешқандай қылмыс, жымқыру жоқ екенін қайта-қайта айтып келдік. Сонда қаржы мониторингі агенттігі жымқыру фактісі бар деген мәлімдеме арқылы халықты алдап отырғаны ма?", - деді Дмитрий Куряченко.

 

Ол анықталмаған "жымқыру" қылмысы үшін Біртановты тергеу изоляторында ұстағанын, кейіннен сегіз ай үйқамақта отыруға рұқсат еткенін мәлімдеді. Экс-министр қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бойынша тағылған айыпты да мойындап отырған жоқ.

 

"Менің қорғауымдағы Біртанов тағылған айыпты мойындамайды. Тергеу әділетсіз өтті әрі көптеген заң бұзушылыққа жол берілді. Мұның барлығы сотта дәлелденеді", - деді адвокат.

 

Келесі сот отырысы қашан өтетіні әзірше белгісіз. Заңгердің айтуынша, қазір іспен танысу сатысы басталып жатыр.

 

Еске сала кетейік, 8 шілдеде Елжан Біртанов пен денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғаны белгілі болды.

 

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, оларға қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бойынша айып тағылып отыр.

 

Сонымен қатар Біртанов 2020 жылдың маусымында санитарлық авиация тікұшағын жеке мақсатта пайдалану фактісі бойынша қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталуда.

 

Біртановты қамауға алу

 

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың қазанында ұсталды. Ол аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. 7 қарашада экс-министрге үй қамауында ұстау бойынша бұлтартпау шарасы қолданылып, оның мерзімі бірнеше рет ұзартылды.

 

 

 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.07.2021, 17:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30