Денсаулық

Дәрігер бір уақытта тұмау мен коронавирусты жұқтыру қаупін ескертті

  • Дәрігер бір уақытта тұмау мен коронавирусты жұқтыру қаупін ескертті

    Дәрігер бір уақытта тұмау мен коронавирусты жұқтыру қаупін ескертті

COVID-19 пандемиясына байланысты тұмауға қарсы маусымдық екпенің қажеттілігі, тұмау мен COVID-19 аралас инфекцияларының пайда болуынан туындаған. Жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігер Андрей Поздняков мұндай инфекция адам ағзасына ауыртпалық әкелуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"COVID-19 пандемиясының дәуірінде тұмауға қарсы маусымдық екпенің қажеттілігі тұмау мен COVID-19 аралас инфекцияларының пайда болуынан туындады", - деді Поздняков.
Ол аралас инфекция проблемаға айналуы мүмкін екенін түсіндірді, өйткені тұмау вирусы да, SARS-CoV-2 де тамырдың ішкі қабығындағы жасушаларда көбейіп, оны зақымдайды, қанмен барлық мүшеге тарайды және олардың жасушаларына әсер етеді.

"Тиісінше, екі вирустың да инфекциясы емделуші үшін осы инфекциялардың кез келгеніне қарағанда қатерлі болуы мүмкін. Бір уақытта екі вирусты жұқтырған ағзада не болатынын, негізгі жүйелердің зақымдануы қаншалықты ауыр болатынын және оның салдары қандай болатынын елестету қиын. Қалай болғанда да, тамыр жүйесі қатты зардап шегеді", - деді Поздняков.
 
Ол кез келген вакцина тек оған қарсы жасалған микроорганизмдерден қорғайтынына назар аударды, сондықтан коронавирусқа қарсы вакцина тұмаудан қорғамайды.

"Тұмау - бұл қысқы, көктемгі маусымда ауыратын ауру, сондықтан аурудың болжамды уақытынан кемінде бір ай бұрын, яғни қыркүйек, қазанда екпе алу керек. Ал коронавирус инфекциясы мен тұмауға қарсы екпелер арасында бір ай үзіліс болуы керек", - деді дәрігер.
Ол ең алдымен балаларға, қарт адамдарға, созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, эндокрин немесе жүйке аурулары бар науқастарға тұмауға қарсы вакцинация ұсынылады деп баса айтты. Сондай-ақ, ол мұндай вакцинацияны онкопатология немесе иммун тапшылығы жағдайында да жүргізуге болатынын айтты.

Кез келген себеппен, мысалы, жұмыс кезінде жедел респираторлық инфекцияға шалдығу қаупі жоғары адамдарға тұмауға қарсы вакцина алуға кеңес беріледі.

"Шындығында, бұл да COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар тобымен бірдей, балалардан басқа", - деді Поздняков.
Ол коронавирустың және тұмаудың жаңа штамдары бір-біріне әсер етуі және одан әрі мутацияға түсуі мүмкін екені туралы нақты деректер әлі жоқ екенін айтты.

"Қалай болғанда да, мұндай мутация клиникалық ауыр жағдайға және өлімге әкеп соқпайды", - деп қорытындылады дәрігер.




Көрілген: 409    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 10:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31