Денсаулық

Дәрігер ерте қартаюдың бес себебін атады

  • Дәрігер ерте қартаюдың бес себебін атады

    Дәрігер ерте қартаюдың бес себебін атады

Қазақстандық дәрігер, невропатолог Айгүл Өмірбекқызы ерте қартаюдың 5 себебін атады, деп хабарлайды Baq.kz.


Бұл туралы ол әлеуметтік парақшасында хабарлады.

Оның сөзінше, 25 жастан асқан соң, қартаю үрдісінің 0,0001% пайыз болса да, алғашқы белгілері пайда бола бастайды. Ал оның ең бастыс себебі күйзеліс екен.

"Күйзеліссіз ғұмыр жоқ. Бірақ бұл өмірде жақсы да, жаман да қатар жүретінін білейік. Әрбір қаралы күннен кейін, нұрын шашып тәтті күннің ататынын ұмытпаған жөн. Біреу ренжіттіме!? Іштей кешіріңіз. Жұмыстан қажыдыңызба!? Жақсы әуен тыңдаңыз. Немесе жақын адамдарынызды құшақтаңыз. Денсаулығыңыз сыр бердіме!? Ауруға берілмеңіз, ішіп жатқан дәріңіздің 50% жақсы әсер етуі өз сеніміңізде, 50% дәрі күшінде соны ұмытпаңыз", - деді ол. 
Сонымен қатар ол теріге қажет коллаген жетіспесе де, бет терісі ерте қартаятынын айтты.

"Коллаген жеткіліксіздігі салдарынан тері серпінділігін жоғалтады, бет контуры әлсіреп, салбырап кетеді. Тағы бір себеп - тиісті ылғанданудың жоқтығы. Бет күтімінде терінің дұрыс мөлшерде ылғалдануы - жас қалпында ұзақ қалудың шешуші факторы", - деп атап өтті дәрігер.


Айгүл Өмірбекқызы ультракүлгін сәулелердің кері әсері салдарынан терідегі липидті қабат зақымдалатынын, терідегі қорғаныс барьерінің күші жойылатынын ескертті. Сондай-ақ дәрігер ағзадағы токсиндер де бет түсінің өзгеруіне, мммунитет төмендеуіне ықпал ететінін айтты.

Өкінішке қарай, биологиялық қартаюды ешкім тоқтата алмайды, бірақ оны бәсеңдету өз қолымызда, - деп қорытындылады ол.




Көрілген: 596    Пікірлер: 0

сенбі, 12.06.2021, 18:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31