Денсаулық

ДДCҰ адамзатты тағы бір пандемияға дайындалуға шақырды

  • ДДCҰ адамзатты тағы бір пандемияға дайындалуға шақырды

    ДДCҰ адамзатты тағы бір пандемияға дайындалуға шақырды

Әлем коронавирус жағдайынан сабақ алып, жаңа пандемияға дайындалуы керек. Бұл туралы дүйсенбіде Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейюс мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

"Бұл соңғы пандемия емес. Тарих бізге індет пен пандемия өмірдің бір бөлігі екенін үйретті. Бірақ келесі пандемия келгенде, барлық мемлекеттер оған қазіргі коронавирус пандемиясына қарағанда әлдеқайда дайын болуы керек", - деді ДДСҰ басшысы.

 

Ол қоғамдық денсаулық сақтау әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықтың негізі болып табылатынын атап өтті.

 

"Бұл аурудың алдын алуға, анықтауға және онымен күресуге бағытталған халыққа қызмет көрсетуге инвестиция салуды білдіреді", - деді Гебрейюс.

 

ДДСҰ бас директорының айтуынша, әлем қазіргі пандемиядан сабақ алуы керек. Оң динамиканы көрсететін көптеген елдер бұған қол жеткізді, өйткені олар SARS, Таяу шығыс респираторлық синдромы, қызылша, полиомиелит, эбола, тұмау және басқа да аурулардан кейін дайындалған.

 

ДДСҰ басшысының сөйлеген сөзі йымның YouTube каналында қол жетімді.




Көрілген: 845    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 09:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31