Денсаулық

ДДСҰ: Әлемде апта сайын коронавирусты 2 млн-нан астам адам жұқтыруда

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Әлемде апта сайын коронавирусты 2 миллионнан астам адам жұқтырып алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді.

 

Ұйым басшысының Тедрос Гебрейесустың айтуынша, кей мемлекеттерде індет күшейіп, адамдардың дертті жаппай жұқтыруы тіркелсе, бір елдер шұғыл шаралар қабылдап вирустың таралуына тосқауыл қоя білген. Осығна байланысты халықаралық құрылым әлем елдеріне індетпен бірлесіп күресудің маңыздылығын тағы қайталады. 

 

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

 

&ndash Қазір эпидемияға қарсы күрестің шешуші кезеңі. Әбір елдің көшбасшысын дерттің таралуын тоқтатуға бағытталған іс-әрекетті күшейтіп, адамдардың өмірін сақтап қалу үшін шараларды қабылдауға шақырамыз. Қазіргі қиын-қыстау кезеңді өтудің ең тиімді жолы бірлесіп әрекет ету деп санаймын.

 

Ал дүние жүзінің кей елдерінде індеттің таралуы күшейегеніне қарамастан шектеу шараларын қатаңдатудан бас тартып отыр. Мысалы, Үндістанда вирусты жұқтырғандар саны 6 жарым миллионға жуықтап, дерттен қаза тапқандар 100 мыңнан асқан. Осыған қарамастан билік экономиканы негізге алып, шектеу шараларын жеңілдетуді жалғастыруда.

 




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.10.2020, 08:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30