Денсаулық

ДДСҰ қазақстандық екі вакцинаны тіркеуге алды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстандық мамандар нанотехнологияға негіздеп жасаған 2 вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының Facebook-тегі парақшасында осындай ақпарат жарияланды.

 

«Серіктестерімізге, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымына және ректорына, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Есполов Тілектес Исабайұлына COVID-19 пандемиясымен күреске бағытталған ғылыми зерттеулерді толық қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Осы уақытқа дейін ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығының директоры Табынов Қайсардың жетекшілігімен біріккен зерттеу тобы орталық референттік зертхана базасында 2020 жылдың маусым және желтоқсан айларында SARS-CoV-2 вирусының 12-ге жуық штамын бөліп шығарды. Жақында ғана бірлескен зерттеу тобының жедел және үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстан аумағында тіркелген британдық және оңтүстік африкалық штамдарға тән SARS-CoV-2 вирусының мутациялары салыстырмалы түрде қысқа мерзімде расталды. Қазіргі уақытта аталған вирустарды бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл вирустардың болуы біздің ғалымдарымызға COVID-19-ға қарсы отандық, сондай-ақ шетелдік вакциналық және дәрілік препараттардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді», - жазылған әлеуметтік желіде жарияланған мәліметте.

 

Орталық мамандары аталған штамдардың бар екенін дер кезінде анықтау мутациялардың көптеп таралуына жол бермеу үшін өте маңызды екенін айтады.

 

«Бүгінгі таңда екі вакцина алынды.Олар – наноэмульсиялық май адъювантына негізделген субуниттік вакцина және нанобөлшектерге негізделген вакцина. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оларды Naruvax-C19 және NARUVAX-C19/Nano деген атаумен «кандидат вакциналардың» тізіліміне енгізді. Қазіргі таңда бұл екпелер біздің ғылыми орталықта жануарларға сыналып жатыр. Яғни, клиникаға дейінгі SPF-зерттеулерінің соңғы кезеңінен өтуде», - делінген орталықтың ресми ақпаратында.

 

 




Көрілген: 639    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 17:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31