Денсаулық

ДДСҰ өкілдері ұзаққа созылатын коронавирус симптомдарын атады

  • ДДСҰ өкілдері ұзаққа созылатын коронавирус симптомдарын атады

    ДДСҰ өкілдері ұзаққа созылатын коронавирус симптомдарын атады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ұзаққа созылатын коронавирустың 200-ден аса симптомы мәлім. Олардың ішінде ең жиі кездесетіні - ентігу, когнитивті дисфункция және шаршау. Бұл туралы ДДСҰ өкілі Джанет Диас айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Коронавирус жұқтырып жазылғаннан кейін жиі кездесетін белгілер немесе сіз айтқандай, COVID-19-ды жұқтырып, ұзақ уақыт ауырғанда адамда ентігу, дисфункция, сондай-ақ шаршау байқалады. Бұл ең көп таралған үш белгі. Алайда іс жүзінде пациенттерде 200-ден аса белгілер тіркелді. Сондықтан тізім өте ұзақ", - деді Диас онлайн бағдарламада.
Ол кейбір мәлімет бойынша бұл белгілер үш-тоғыз айға дейін созылуы мүмкін екенін айтты. Диастың айтуынша, вирус жұқтырып, жазылғаннан кейінгі синдромы бар науқастарға оңалту мамандары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер көмегі қажет.

"Арнайы емдеуге келетін болсақ, ол әлі жоқ. Себебі, нақты зерттеу жоқ. Біз аурудың дамуының нақты себебі немесе механизмі туралы көбірек біле отырып, арнайы ем аламыз деп үміттенеміз", - деп түсіндірді ДДҰ өкілі.




Көрілген: 813    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 23:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30