Денсаулық

ДДҰ: 2021 жылы пандемия жалғасады

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штамдары Еуропаға тарағанын растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Ол Ресейді қосқанда Кәрі құрлықтың 25 елінде тіркелді.

 

Копенгагенде өткен онлайн-брифингте телеарнамыздың сұрағына жауап берген ұйымның Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге осылай мәлімдеді.

 

Ол еуропалық елдерді бұл жөнінде ақпаратпен белсенді түрде бөлісуге шақырды.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус жөнінде халықаралық санитарлық ережелер бойынша Төтенше комитеті саяхатшылар үшін вакциналау төлқұжаттарын енгізуді қарастырып отыр. Еуропада әлі де індет дендеп тұр.

 

Ханс Клюгенің айтуынша, жаппай вакциналау басталғанымен, биыл COVID-19 дертіне қарсы ұжымдық иммунитет қалыптаспайды.

 

Ханс Клюге, ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры:

 

- Ұжымдық иммунитетке жету үшін бәлкім әлем халқының 70%-іне вакцина егу керек. Әрине, бұл кезең-кезеңмен жүзеге асатын шара және ол жаңа вакциналардың шығуы секілді көптеген факторларға байланысты болмақ. Коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуы тосын жайт емес. Бұл адамға бейімделіп жатқан вирустың қалыпты эволюциясы. Британиялық түрі аурудың асқынуына да, жеңіл өтуіне де әкелмейді. Ол екінші пандемияны туғызбайды және COVID-19 дертіне қарсы күреске әсер етпейді. Бірақ бұл штамның жұғу қабілеті жоғары, осы жағдай алаңдатып отыр. Биыл да пандемия жалғасқан жыл болады, бірақ былтырмен салыстырғанда жағдайды жақсырақ бақылаймыз.




Көрілген: 1723    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 03:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31