Денсаулық сақтау министрінің міндетін кім атқарады?

20 желтоқсан 2021, 17:43

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшысының міндетін вице-министр Жандос Бүркітбаев атқарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

"Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқару денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Қонысұлы Бүркітбаевқа жүктелсін", - делінген премьер-министр қол қойған құжатта.

 

Айта кетері, 20 желтоқсанда мемлекет басшысы Алексей Цойды денсаулық сақтау министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.

 

Содан кейін денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Цойдың өз еркімен қызметінен босатылғанын айтты.

 

Ал Алексей Цой әлеуметтік желіде жазба жариялап, денсаeлық сақтау саласын ғылым мен әлеуметтік бастамалар арқылы дамытуды қолға алатынын мәлімдеді.