Денсаулық

Екі дәрігер алматылық әйелден 10 мың теңге талап еткен

  • https://yandex.kz/

    https://yandex.kz/

Алматылық әйел 5-ші қалалық аурухананың тіс дәрігеріне шағымданды.  Egov.press порталында жарияланған шағымға сүйенсек, дәрігер өз қызметі үшін 10 мың теңге талап еткен. Емделуші мұндай ақша төлеуден бас тартқаннан кейін медицина қызметкері жұмысын аяқсыз қалдырған, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Шағымда алматылық әйел өзінің 2016 жылғы баласын тісі ауырғандықтан, 5-ші қалалық ауруханаға алып келгенін сөз етеді. Әйелдің айтуынша, іріңді кетіру үшін баласының қызылиегіне тілік жасау керек болған.

 

«Бізді тіс дәрігері, 1993 жылы туған Насиров Маммадали қабылдады. Іріңдеу жағдайы үшінші рет қайталанғандықтан, тілік жасап, төртінші тісті алып тастау туралы шешім қабылданды. Процедураға кіріспестен бұрын тіс дәрігері оған 10 000 теңге төлеуіміз керектігін айтты», &ndash деп жазды әйел.

 

Алайда, тұрғынның айтуынша, ол 10000 теңгені беруден бас тартқаннан кейін дәрігер балаға соңына дейін көмек көрсетіп, тісін жұлып берудің орнына, қызылиегіне тілік жасап жібере салған екен.

 

Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі азаматшаның шағым бойынша жұмыс тобы құрылып, қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.

 

Тергеу қорытындысы бойынша келесі шаралар қолданылған: Бөлімге жауапты екі адамға сөгіс жарияланып, екі дәрігер қызметінен босатылған.

 

«Мұндай жағдайлардың қайталануының алдын алу мақсатында қабылдау бөлімінің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, онда жұмыс тобының тергеу нәтижелері талданды», &ndash деді басқармадан.

 

 

 

 

 




Көрілген: 3113    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 20:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30