Денсаулық

Екі рет қайнаған су қатерлі ісікке шалдықтырады

  • Екі рет қайнаған су қатерлі ісікке шалдықтырады

    Екі рет қайнаған су қатерлі ісікке шалдықтырады

Екі рет қайнаған суда адам ағзасына ең зиянды заттар – күшәла фторидтер, нитраттар түзіледі.


Құбыр суының құрамында тұздардан бастап минералдарға дейін түрлі қоспалар болады. Қызған кезде олардың химиялық құрамы өзгереді. Осы өзгеріске ұшыраған заттар сіздің ағзаңызға екі рет қайнаған сумен бірге түседі.


Суды қаншалықты көп қайнатсаңыз, денсаулыққа соншалықты қауіпті болмақ. Мұндай суда адам ағзасына ең зиянды заттар: күшәла (мышьяк), фторидтер, нитраттар түзіледі!


Суды бір рет қайнатқанда ол микробтардан тазарады. Бірақ сол суды екі рет (немесе одан да көп) қайнатсаңыз, пайдалы заттар жойылып, қауіпті қоспаларға айналып шыға келеді, деп жазды VICER.RU.


Қайта қайнаған судағы зиянды заттардың мынадай қаупі бар:


1. Күшәла

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұл зат денсаулыққа үлкен қатер төндіреді. Күшәла құбыр суына қажетсіз микроорганизмдерді жою үшін қосылады. Ол мынадай ауруларды тудырады: перифериялық невропатия, терінің зақымдануы, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, қант диабеті, жүрек-қан тамыры аурулары, бүйрек аурулары, онкология.


2. Фтор

Су қайнаған кезде фтор қоспалары фторидтерге айналады. Гарвард профессорлары бірнеше ондаған жыл бойы жүргізген зерттеуге сәйкес, фторидтердің теріс неврологиялық әсері бар және тіпті балалардың психикалық дамуына кері әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ ол әйелдердің бедеулігі қаупін арттырады.


3. Нитраттар

Нитраттар тамақ өнеркәсібінде консервант ретінде онсыз да көп қолданылады. Алайда қызған кезде олардың қаупі әлдеқайда артады. Суды қайнатқанда нитраттар нитрозаминдерге айналады. Салдарынан ішек, өңеш, ұйқы безі, зәр шығару-жыныс жүйесі қатерлі ісігі және лейкемия секілді қауіпті арулар пайда болуы әбден мүмкін.


 




Көрілген: 889    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.12.2018, 23:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31