Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елімізде 4042 адам пневмониядан қайтыс болды

03 тамыз 2020, 14:37

Бұл туралы ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн өткен брифингте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.

 

Біз пневмониямен ауырғандардың санын жасырып отырған жоқпыз. Ол электрондық жүйеде тұр. 1 қаңтардан 2 тамызға дейін науқастар саны 3,3 есеге өсті. Ал қайтыс болғандар саны 1,9 есеге өсті. Пневмонияны неге КВИ көрсеткішіне қоспайсыздар деген сұраққа жауап берсек, 1 тамызға дейін пневмония халықаралық аурулар классификациясында ол "пневмония" деген аурумен жіктеліп, электронды жүйеге түсті. Оны әрбір дәрігер жіктеп, осы жүйеге салып отырады. Қазір дәрігерлер науқастарды емдеуден енді бас көтеріп, әл жинап жатыр, - деді ол.

 

Ажар Ғиният тамыздан бастап, дәрігерлер ДДСҰ берген коды бойынша науқастарды жаңадан жіктейтінін айтты.

 

Былтыр 1 қаңтардан 2 тамызға дейін 2033 адам қайтыс болса, биыл 1 қаңтардан 2 тамызға дейін 4042 адам қайтыс болды, - деді ол.

 

baq.kz