Денсаулық

Елімізде үнді штамы анықталды. Қауіпті ме? Белгілері қандай?

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қазақстанда коронавирустың үндістандық түрі бар болуы мүмкін. Елордада жүргізілген скрининг тексеруде коронавирустың соған ұқсас түрі анықталған. Нақ үнді штаммы екеніне көз жеткізу үшін әлі де зерттеу жүргізілуі керек.

 

Бірақ мамандар қазірден-ақ оған қарсы сақтық шарасына кірісіп жатыр. Үнді штамына байланысты қосымша шектеулер енгізілетін болды. Қандай шектеу қанша уақытқа енгізілетіні ертең үкіметтік комиссия отырысында шешіледі.  

 

Үнді штаммы қалай анықталды? Ол қаншалықты қауіпті? Несімен ерекше?

 

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейінің күрт өсуіне байланысты денсаулық сақтау министрлігі КВИ жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР-скринингін өткізді. Скрининг нәтижелері бойынша «Дельта» штамына тән мутацияға күдікті жағдай анықталды. Оны қарапайым тілмен «үнді» штаммы деп те атайды.

 

Үндістанның өзінде не болып жатқаны баршаға мәлім. Жағдайдың ушыққаны сондай, мамыр айында коронавирустан көз жұмып жатқандар саны бойынша әлемдік рекорд орнаған. Бір күнде қайтыс болғандар қатары  4200-ден асып кетті.

 

Үнді штамының қаупі туралы дәрігерлер ерекше ескертіп айтады. «Дельта» штамы осыған дейінгі түрлеріне қарағанда жұғу көрсеткіші 60 пайыз артық.

 

Қазіргі штамдар бір адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады әрі оны жұқтырған адам ауру екенін 14 күн емес, жеті күн ішінде біле қояды.

 

Белгілеріне келсек, оны жұқтырғандардың буыны мен іші қатты ауырады. Жүрегі айнып, лоқсиды. Тіпті адамды саңырау етіп, аяқтың микротромбозына әкелуі әбден мүмкін дейді мамандар. 

 

Дмитрий Еделев, медицина ғылымдарының докторы (Ресей):

 

- Қазақстан мен Ресей аймағында осы күндері белең алған коронавирустың үнді штамы бұрынғы штамдарға қарағанда қаупі жоғары. Оны емдеу қиын және ең қиыны, осыған дейінгі штамдарға қарсы қалыптасқан антиденелерге төзімді. Сондықтан коронавируспен ауырып шыққандар да, вакцина салдырғандар да қайта ауыруы мүмкін. Тек вакцина салдырғандар жеңіл ауырады.

 

Соңғы зерттеулерге қарағанда коронавирустың үнді штамын жұқтырғандардың ауруханаға түсуі мен олардың арасында өлім-жітімнің жиілеуі қатты байқалып отыр екен.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, SARS-CoV-2  «Дельта штамм» әлемнің 174 елінде анықталған.

 

Отандық дәрігерлер одан сақтанудың ең тиімді жолын да айтып берді.

 

Ерлан Қиясов, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігер:

 

- ПТР-скрининг тексеру арқылы Қазақстанға коронавирустың үндістандық түрі әкелінді деген болжам жасап отырмыз. Вирустың дельта-нұсқасы. Ол Нұр-Сұлтан қаласында тест үлгілерін алғанда анықталды. Одан сақтану үшін адам вакцина салдыру керек. Вакцина сақтанудың ең тиімді сақтану жолы. Вакцина алуды өзіңізді ғана емес, ағайын-туысыңызды да қорғау деп түсіну керек.

 

Үнді штамына қатысты қосымша карантин шектеулері де қабылданады. Бірақ қандай шектеу және қашан болатыны үкіметтік комиссияның ертеңгі отырысында шешіледі.

 

Бүгін қала әкімі Алтай Көлгінов те қала тұрғындарына үндеу тастады. Елорданың «қызыл» аймақта болуы, күн сайын қалада 300-ге жуық адамнан коронавирус анықталып жатқаны әкімнің тынышын алған. Дәрігерлермен бірге қала әкімі де елорда тұрғындарын вакцина алуға шақырып отыр.

 

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 1843    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 21:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31