Денсаулық

Елордада «Сүндет-2021» акциясы өтіп жатыр

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Елордалық емханаларда «Сүндет-2021» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың мүгедек балаларына сүндетке отырғызу рәсімі тегін жасалды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Сондай-ақ созылмалы ауруға шалдыққан  және толық емес отбасылардың ұл балалары ерекше назарға алынды.

 

Сүндеттеуді уролог және өз ісінің шебері, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов және №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жоғары білікті мамандары жасады.

 

Бұл біздің екінші ұлымыз, 3 жаста. 10 күн бұрын баламызға дәстүр туралы көп айтып, моральды тұрғыдан дайындағанбыз, нағыз жігіт болады деп сендірдік. Ұйымдастырушылар мен емхана басшылығына алғыс білдіреміз. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара, барлығы қарастырылған, - деді сүндетке отыратын баланың анасы Ляззат Айтуғанова.

 

Жыл сайынғы акцияның мақсаты - көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан мүгедек және созылмалы аурулары бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету .

 

Акция аясында бұл медициналық қызмет жыл сайын ақысыз түрде жүзеге асырылады. Сүндеттеуді қалалық №9 емханада хирургтар мен урологтар өткізді. Бұл жерде 2-5 ота жасау кабинеттері ұйымдастырылған.

 

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 751    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 16:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31