Денсаулық

Елордалық дәрігер балаларға жасырын вакцина салынады деген қауесетке жауап берді

  • Елордалық дәрігер балаларға жасырын вакцина салынады деген қауесетке жауап берді

    Елордалық дәрігер балаларға жасырын вакцина салынады деген қауесетке жауап берді

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева балаларға манту сынағының орнына жасырын түрде коронавирусқа қарсы вакцина салынады деген қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші сынып оқушылары манту сынағын алуы керек (туберкулез микобактериясына антиденелер болуын тексеру сынамасы. - ескерт.). Бірақ ата-ана балаларына коронавирусқа қарсы вакцина рұқсатсыз салынады деп қорқып, бұдан бас тартады", - деді журналист әкімдікте өткен брифингте

"Жыл сайын қыркүйекте бірінші сынып оқушыларына БЦЖ (туберкулезге қарсы вакцина. - ескерт.) ревакцинациясы жүргізіледі. Бүгінде барлық мектеп дайындалып жатыр, тізімдер жасалады және бұл акция жыл сайын толық көлемде жүргізіледі. Бүгінде қалада балаларға арналған вакцина жоқ, сондықтан бұл - негізсіз", - деп түсіндірді Жанна Пірәлиева.
 
Айта кетейік, Қазақстанға Pfizer/BioNTech вакцинасы қазанда жеткізіледі деп күтіледі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина тек балалар мен жүкті әйелдерге қолжетімді болатынын айтты.

Tengrinews.kz




Көрілген: 673    Пікірлер: 0

жұма, 03.09.2021, 14:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31