Денсаулық

Ем қабылдап жүргенде қандай азық-түліктен бас тартқан дұрыс?

  • https://baq.kz

    https://baq.kz

Қандай да бір дәрі-дәрмек қабылдап жүрген науқас өзінің тамақ рационын қадағалап, дәрімен сәйкес келмейтін азық-түлік түрлерімен тамақтанбағаны дұрыс.


Бұл туралы Ресей ғылыми-медициналық терапевтер қоғамының мүшесі, Денсаулық сақтау министрлігінің Цереброваскулярлық патология және инсульт федералдық орталығының клиникалық фармакологы Андрей Кондрахин айтты.


Мәселен, аспирин немесе ибупрофен қабылдап жүрген науқас емі аяқталғанша таңқурай (малина) жеуден бас тартқаны дұрыс. Себебі бұл жидектің құрамында табиғи салицил қышқылы бар. Дәрігердің айтуынша, бұндай бір-біріне қарсы әсері бар заттарды қабылдаудың салдарынан іштен қан кетуі мүмкін.


Сонымен қатар, терапевт дәрігер қандағы холестерин деңгейін төмендететін дәрілермен қоса грейпфрут шырынын ішкен кезде пациентке қауіп төніп, тіпті өліміне әкеп соққан жағдайлар болғанын айтты.


Дегенмен, грейпфрут шырынын басқа да дәрі-дәрмектермен де қоса ішпеген абзал. Өйткені, ол таблетканың құрамындағы әсері бар заттектің ыдырауына жауап беретін ферменттің қызметін тежейді. Салдарынан адам организмінде зиянды зеттектер жиналып, біртіндеп науқастың ағзасын улай бастайды.


Сондай-ақ емделіп жүрген кезде сүт ішуден бас тартқан дұрыс. Оның құрамында кальций көп болғандықтан, басқа дәрі-дәрмектермен әсерлескен кезде ерімейтін тұз түріндегі шөгінді пайда болады. Ол өз кезегінде препараттағы әсер ететін заттектің организмге қажет мөлшерін алуына бөгет болады.


Бұдан бөлек сүт пен антибиотиктердің бір-біріне сәйкессіздігін атап өткен жөн. Әсіресе балаға берер кезде, абай болыңыз! Антибактериялық терапия қабылдап жүрсеңіз, сүт ішпегеніңіз дұрыс.


Қанды сұйылтатын дәрілерді (варфарин) қабылдаған кезде шпинат, брокколи және салаттан уақытша бас тарту керек. Ал бүрген (калина), қара жемісті шетен (черноплодная рябина), бүлдірген (земляника) және қызылша тәрізді жемістер мен көкөністер қан қысымын төмендететін препараттардың әсерін айтарлықтай тежейді. Салдарынан адам дәріні қабылдағанымен, ол еш әсер етпей, қан қысымы төмендемеуі мүмкін.


Ал психотроптық препараттарды қабылдап жүрген кезде ірімшік жемеген дұрыс. Себебі, екі заттың өзара сәйкессіздігі әсерінен гипертониялық күрт асқыну туындап, адам денесі құрысып қалуы мүмкін.


Қорытындылай келе, дәрігер жазып берген дәрі-дәрмекті ішпес бұрын дәрімен бірге ұсынылған нұсқаулықпен танысып, ішіндегі қарсы көрсетілімдерді мұқият оқып шыққан дұрыс. Сол кезде өзіңізге зиян келтірмейтіндей ем қабылдай аласыз.


Вaq.kz


 




 




Көрілген: 657    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.09.2019, 12:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31