Денсаулық

Ғалым ұялы телефондар жаңа пандемияға себепші болуы мүмкін екенін айтты

  • Ғалым ұялы телефондар жаңа пандемияға себепші болуы мүмкін екенін айтты

    Ғалым ұялы телефондар жаңа пандемияға себепші болуы мүмкін екенін айтты

Смартфондардың бетін зерттеген ғалымдар осындай қорытынды жасады

Квинслендте (Австралия) Бонд университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу ұялы телефондар қауіпті патогендер – бактериялар мен вирустарға толы екенін көрсетті.

Сол себепті ауру жұқтырмас үшін телефонды да дезинфекциялау қажет, деп хабарлайды Daily Mail.

Университеттің молекулярлық биология кафедрасының доценті Лотти Таджури зерттеу аясында 165 медицина қызметкерінің ұялы телефонын тексерді. Ол дәрігерлер операция алдында да қолымен телефон ұстайтынын көргеннен кейін осындай зерттеу жүргізуге бел буған.

"Біз тексерген ұялы телефондар бактерияларға, вирустарға, тіпті паразиттерге толы болды", - деді доктор Таджури.

Сондай-ақ, ғалым 52 проценті телефонды ванна бөлмесінде, ал 57 проценті ешқашан гаджеттерін жумағанын анықтады.

Таджуридің пікірінше, ұялы телефонға "үшінші қол" ретінде қарап, оны міндетті түрде дезинфекциялап немесе жуып отыру керек.

"Біз жануарлардың да, өсімдіктердің де патогенін таптық. Сондықтан қауіпсіздік жайлы ойланыңыз", - деді ол.

Таджури денсаулық сақтау шенеуніктерін жаңа індет басталмай тұрып,  университет зерттеуіне назар аударуды сұрады.




Көрілген: 627    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 10:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31