Денсаулық

Ғалымдар ішімдікті аз ішу денсаулыққа зиянсыз деген тұжырымға қарсы шықты

  • Ғалымдар ішімдікті аз ішу денсаулыққа зиянсыз деген тұжырымға қарсы шықты

    Ғалымдар ішімдікті аз ішу денсаулыққа зиянсыз деген тұжырымға қарсы шықты


АҚШ-тағы Вашингтон университетінің ғалымдары ішімдікті белгілі нормада қабылдауды денсаулыққа зиянсыз деген әріптестерінің тұжырымына қарсы шықты. Олар 2016 жылы үш миллион өлімнің ішімдік салдарынан болғанын дәлелдеді деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.



 


Фото:steemit.com

Фото:steemit.com


Рассказать Вконтакте


Мамандар 195 елде жүргізген зерттеуде 1990 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі аралықтағы адамдардың ішімдікті пайдалану көрсеткіші тексерілді. Ғылыми жұмыс барысында 592 ғылыми мақала мен ішімдікті пайдаланудың зияны мен тәуекелдері жөніндегі еңбектер қолданылды.


Соның арқасында ғалымдар ішімдік пайдаланудың ең ірі жүйесін жасап шығуға мүмкіндік туды.


Зерттеушілер 2016 жылы орын алған өлімдердің үш миллионы ішімдік салдарынан болғанын анықтады. Оған қоса, бұл көрсеткіштің 12%-ы 15-49 жас аралығындағы ер адамдар болып шыққан.


Мамандардың айтуынша, ішімдікті пайдалану қатерлі ісік пен жүрек ауруларына жиі соқтырып тұрады. Ең жаман жағдайы өліммен аяқталады.


Сонымен қатар, ғалымдар ішімдіктен толықтай бас тартқан жағдайда ғана ауыр дертке шалдығу қаупі болмайтынын дәлелдеген.


Ішімдік өлімі ең аз болған елдер қатарында Кувейт, Иран, Палестина, Ливия, Сауд Арабиясы, Йемен, Иордания және Сирия бой көрсетті. Ал керісінше, зиянды әдет салдарынан ең көп адам өлімі орын алған мемлекеттер арасында: Балтия және Шығыс Еуропа елдері, Ресей, Украина, Литва, Латвия және Белорусь.


 






Көрілген: 730    Пікірлер: 0

сенбі, 12.01.2019, 22:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30