Денсаулық

Қариялардың өмірін ұзартудың жолы табылды

  • Қариялардың өмірін ұзартудың жолы табылды

    Қариялардың өмірін ұзартудың жолы табылды

Егде жастағы адамдардың өмірін ұзартудың жолы табылды. АҚШ-тың Бостон қаласындағы Тафтс университетінің ғалымдары теңіз өнімдерінде бар омега-3 полиқанықтырылмаған майлы қышқылдардың егде жастағы адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттырып, мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупін болдырмайтынын анықтады, деп жазады Stan.kz.


1992-2015 жылдары жүргізілген ұзақ мерзімді зерттеуге, орташа жасы 74 жасты құрайтын 2622 ересек адам қатысты. Бастапқыда, сондай-ақ алты және 13 жылдан кейін еріктілерден қандағы омега-3 полиқанықтырылмаған майлы қышқылының деңгейі өлшенді. Оның ішінде эйкозапентаен және докозагексаен қышқылдары, сондай-ақ докосапантаен мен альфа-линолен қышқылы.


Осы қосылыстардың көпшілігі теңіз өнімдерінде, ал соңысы жаңғақтарда, тұқымдарда және жасыл көкөністерде кездеседі.


Ағзадағы омега-3 полиқанықтырылмаған майлы қышқылының құрамы бойынша қатысушылар бес топқа бөлінді. Қатысушылардың 89% -ында жасына байланысты созылмалы аурулар, оның ішінде физикалық және когнитивті бұзылулар болғаны анықталды.


Сонымен қатар, эйкозапентаен қышқылын тұтынудың жоғары деңгейі ең төменгі деңгеймен салыстырғанда, зиянды қартаю қаупінің 24 пайызға төмендеуімен байланысты болды. Ал докосапентаено қышқылы тәуекелдің 18-21 пайызға азаюына мүмкіндік берді. Қалған қосылыстарда ешқандай әсер табылған жоқ.


Stan.kz




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

жұма, 19.10.2018, 20:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31